ҚАЖ теолог мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің мекеме теологтары бір айлық біліктілікті арттыруға арналған курсты аяқтады.

Биыл өңірлік ҚАЖ мекемелерінің үш қызметкері отандық ғалымдардан, профессорлардан және жоғары білікті мамандардан 15 пән бойынша 140 академиялық сағат ішінде оқудан өтті. Олардың барлығына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының және Нұр-Мүбарак университетінің проректорының арнайы сертификаттары табысталды.

«Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалсыздандыру және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» курсы отандық дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда айтарлықтай оң нәтижелерді көрсетеді.

Білімді бақылау және бағалау үшін ҚАЖ теологтары «Радикалданудың алғашқы белгілері және алдын алу әдістері: діни мәтіндерді түсіну проблематикасы», «Теология және философия: олардың қазіргі әлемдегі арақатынасы», «Дін социологиясы және қазіргі діндарлықтың ерекшеліктері», «Конфликтология және конфликт барысындағы медиация», «Ханафи жамағаттарының радикалдануының қаупі және факторлары» және тағы басқа тақырыптарда тесттерден өтіп, дәрежелерін көрсетті.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...