Қонаев қаласындағы казинолар жұмысын жалғастыра ма? Ұлттық экономика министрі жауап берді

Қапшағай қаласының атауы Қонаев болып өзгергеннен бері көпшілікті алаңдатып жүрген «казино» мәселесіне қатысты сұраққа ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ресми түрде Алматы облысының орталығы мәртебесіне ие болған Қонаев (бұрынғы Қапшағай қаласы) қаласында бірнеше казино орналасқан. Қонаев қаласындағы казино мәселесі қалай шешіледі? Казино ғимараттары әкімшілік мекемелеріне берілуі мүмкін бе?” , – деп сұрады журналистер ОҚК-де. 

Ұлттық экономика министрі сұрақ бұған дейін министрлік деңгейінде қаралмағанын атап өтті.

“Бұл мәселе Ұлттық экономика министрлігі деңгейінде талқыланған жоқ. Менің ойымша, осы қалаға ерекше мәртебе берілгендіктен осы мәселе де мұқият қаралады. Олардың ғимараттары да шешілетін мәселе. Қажет болған жағдайда олардың ғимараттарын жалға алуға да болады,” — деп жауап берді Әлібек Қуантыров брифингте.

Мемлекеттік тілге құрмет – елге құрмет

Тіл – әрбір халықтың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы,...

Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды міндеттердің бірі - мемлекеттік қызметшілердің...

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа...

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...