Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауда оппозиционер Юн Сок Ёл жеңіске жетті

«Азаматтық күш» консервативті оппозициялық партиясының кандидаты Юн Сок Ёл президенттік сайлауда жеңіске жетіп Оңтүстік Корея президенті болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА-Новостиға сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау 9 наурызда өтті, дауыс берген сайлаушылар саны 77,1 пайызды құрады, 44 миллионнан астам сайлаушыдан 34 миллионнан астам адам дауыс берді.

Юн Сок Ёл 48,56 пайыз дауыс жинады, ал оның негізгі қарсыласы биліктегі «Тобуро» демократия партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён 47,83 пайыз дауыс жинап, жеңіске жете алмай қалды. Президенттік жарыста үшінші болған Сим Сан Чжон сайлаушылардың 2,37 пайыз дауысын жинаған.

«Бүгінгі сайлау қорытындысы менің емес, бұл — халықтың, Ан Чхоль Су бастаған «Халық күші» партиясының жеңісі. Біз бәріміз халықымызға қызмет ету үшін бірігіп әрекет етуіміз қажет», — деді Юн Сок Ёл.

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...