Оңтүстік Кореяда Президент сайлауы өтіп жатыр

Оңтүстік Кореяда алдағы бес жылда елді басқаратын 20-шы президент сайлауы басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі президент Мун Чжэ Ина Конституцияға сәйкес қайта сайлана алмайды. Негізгі тартыс билеуші «Тобуро» либералды демократиялық партиясынан түскен үміткер Ли Чжэ Мин мен «Азаматтық күш» ірі оппозициялық Консервативті партияның өкілі Юн Сок Елем арасында өтеді.

Мәлімет бойынша, сауалнама қорытындысына сәйкес екеуі де респонденттердің шамамен 40 пайыз дауысын жинап, жеңіске жету мүмкіндігіне ие. Ал өзге де сайлауға түсушілер 10 пайыздан төмен рейтингке ие және ашық аутсайдер болып саналады.

Дауыстарды санау сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірден басталады. Сайлау Оңтүстік Кореяда COVID-19 өршіп тұрған уақытта өтіп жатқаны атап өтілді. Бұған дейін билік карантиндегі жүздеген мың азаматтың сайлау учаскелеріне келуіне рұқсат берген болатын.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 10:00) басталған сайлауға 44,2 миллион азамат қатысады. 5 және 6 наурызда өткен мерзімінен бұрын дауыс беруге қатысу ел үшін рекордтықталған саөрсеткіш болды: екі күннің ішінде 16,3 миллион сайлаушы (36,9 пайыз) өз дауысын берді.

Ұлттық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беру таңғы сағат 6-да басталғаннан бері бүкіл ел бойынша дауыс беруге құқығы бар 44,2 миллион азаматтың 27 миллионы 14 464 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...