Қоғамның негізін – еңбек құрайды

Еңбек адамзаттың өмірінде алатын маңызы үлкен. Адамның рухани құндылықтары мен материалдық, қоғамдық жағдайы еңбек етумен дамиды.

Еліміздің бас қаласындағы ҚАЖ Департаментіне қарасты №3 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандар жазасын өтеуде. Олар жазасын өтеу кезінде мекеме әкімшілігі ұсынған әр-түрлі кәсіпорындарда жалақысы 70000 теңгені құрайтын ақылы жұмыс істеуге құқылы. Қазіргі таңда өндірістік аумағына кәсіпкерлерді тарту мақсатында жұмыстар атқарылуда. «Өндірісті дамытудың негізгі мақсаты – сотталғандар босатылғаннан кейін, қоғамда бұдан әрі бейімдеуден өту үшін қажетті еңбек дағдыларын дамыту болып табылады, ал кәсіпкерлерді тартудың ықтималдылығы мекемедегі жазасын өтеп жатқан сотталғандарды толықтай ақысы төленетін жұмыспен қамту » — деді, Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №3 мекемесі бастығы  әділет майоры  Нұрғали  Ажиханов.

№3 мекемесі қауіпсіздігі барынша төмен болғандықтан мекемедегі сотталғандар мекемеден тыс аумақта жұмыс істеуге құқылы. Олар қазіргі уақытта құрылыс объектілерінде, тігін цехтарда және мемлекеттік мекемелерде ақысы төленетін жұмыс істеуде, және олар әртүрлі-жұмысшы, аулы-тазалаушы, дәнекерлеуші, темір құрастырушы, тігінші және т.б. лауазымдары бойынша еңбек етеді. Мұндағы сотталғандар босап шықаннан кейінде, әрі-қарай осы кәсіпорындарда жұмысын жалғастыруға құқылы. Жұмыс барысымен таныса отырып осы мекемеде жазасын өтейтін Б-деген сотталғанды сұхбатқа тарттық, оның айтуынша мекеме әкімшілігі тарапынан ұсынылған жұмыс өзіне ұнайтыны, жалақысын уақытылы алып отбасына қаржылай көмек бере алатынын алға тартты.          

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...