Неке бұзылған кездегі отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың жағдайы

          Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіндегі азаматтық істердің басым көбі тараптардың арасындағы некені бұзу істері және өкініштісі жылдан-жылға аталған санаттағы істердің саны көбеюде.

         Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы, ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау туралы келісімді соттың қарауына ұсына алады. Сот шешімінде ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейінгі тектері, сондай-ақ қол жеткізілген келісімнің шарттары көрсетіледі.

Аталған санаттағы істерді қарау кезінде кәмелетке толмаған балалардың мүдделері қозғалатындықтан Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары ажырасу істерін жеңіл-желпі қарамай, баланың болашағына қатысты маңызды мәселелерді заңды түрде, әділ шешілуін қамтамасыз етеді. Егер тараптардың арасында келісім жасалмаса, неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін анықтау, балаларды күтіп-бағу үшін алимент өндіру, кәмелетке толмаған балалардың және ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен мүлкін бөлу, бала үш жасқа толғанша жұбайын асырап-бағу үшін алимент өндіру және ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау мәселелерін шешеді.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы кодексінің 62-бабына сәйкес, бала отбасында өз мүдделерін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік ісін қарау барысында тыңдалуға құқылы.

Осыған орай, аталған істі қарау барысында кәмелетке толмаған балалардың пікірлерін анықтайды. Сол кезде балалар үшін ата-анасының арасындағы некенің бұзылуы оларға ауыр тиетіні, тіпті балалар психалогиялық күйге түсіп, ол жағдай балалардың сабақтарының, мінез-құлықтарының бұзылуына әкеп соғатыны және басқада көптеген күрделі факторлардың орын алатыны байқалады.

         Ата – ана арасындағы кикілжің, өзара айыптаулар, баланы бір – біріне қарсы қоюы, балаға психологиялық соққы болып, сеніміне сызат түседі.

Сондықтан, ажырасу – тек ересектердің қабылдаған шешімі және оған баланың ешқандай кінәсі жоқ екенін баланың жасына сай түсіндіріліп, баланың тұрғылықты жерін анықтау және баланың өзінен бөлек тұратын ата-анасымен араласу тәртібін айқындау мәселелері бойынша дауларды тараптар татуласу рәсімі арқылы шешкендері дұрыс. Бұл баланың психологиясын жарақаттанудан сақтап қалудың ең тиімді жолы.

          Отбасындағы неке бұзылғанмен «Ата-ана» мәртебесі жойылмайды, сондықтан әкесі де, анасы да баланың болашағы үшін балаға деген мейірімділігі мен қамқорлығы басты орында тұру керек.

                                   Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                                   істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

                                      сотының судьясы Дусимова Алмагул Иманалиевна

Медиация – тараптарды татуластырудың қуатты құралы

Дауласқан екі тараптың дәйегін сабырлықпен тыңдап, екі жақтың да...

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...