Наурыз — көктемнің, жаңарудың және дәстүрдің мерекесі

Наурыз – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын білдіретін ең маңызды мерекелердің бірі. Осы мерекеге орай Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Құттықтау сөзін Астана қаласы бойынша ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Джамалов Ж.К. сөйледі. Қызмет барысында ерекшеленген қызметкерлер Аршалы ауданы әкімінің және ҚР Ұлттық гвардиясы 6505 әскери бөлімінің бригада командирінің атынан алғыс хаттармен марапатталды. «Іс-шара концертпен және көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды», – деді мекеме бастығы, әділет майоры Ходжабек Н.А.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...