Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында сотталған азаматшалға түсіндірме жұмысы жүргізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мүдделі органдармен бірлесе ҚР-да нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында сотталған азаматшалға түсіндірме жұмысы жүргізілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №508 «Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Кешенді жоспарды іске асыру мақсатында Атырау облыстық Психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігер маманы Страмоусова Светлана Владимировна және Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Джангалиева Марьяна Қазбекқызы № 79 мекемесі сотталған азаматшаларға есірткінің ағзаға зияндылығы мен есірткі ахуалы тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстарының басты мақсаты – қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды есірткіге тәуелділікке итермелейтін факторларды анықтап, олармен күресу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...