Найзағай,бұршақ, жаңбыр күтіледі: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша 23-25 сәуіріне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері солтүстік өңірлерде Солтүстік-Батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын тоқтап, түнде ауа температурасы минус 5-10 градусқа дейін төмендейді. Ал республиканың қалған аумағында Жерорта теңізі аймағынан ығысатын циклоннан жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауын жауады.

Елдің шығысы мен орталығында қар аралас жаңбыр, тұман және көктайғақ, ал оңтүстікте найзағай, бұршақ және қатты жел болжанып отыр.

Кезең соңына қарай оңтүстік өңірлерді қоспағанда, елдің басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: солтүстікте +10…+18 градусқа дейін, ал батыста – +20…+25 градусқа дейін.

23 сәуірде Нұр-Сұлтанда күн ашық, түнде ауа температурасы +2, күндіз +8 градус.

Алматыда түнде аздаған жаңбыр жауады, күн бұлтты. Күндіз +25, түнде +17 градус.

Шымкентте күн бұлтты, түнде +16 градус, күндіз +26 градус.

ЗАКОН ОБЯЗАТЕЛЕН ДЛЯ ВСЕХ — И ДЛЯ ВЛАСТИ ТОЖЕ

О ПОСЛАНИИ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА «О СОСТОЯНИИ КОНСТИТУЦИОННОЙ ЗАКОННОСТИ В...

Атыраудағы жаңа мәдени кешен тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Атырауда бой көтеріп жатқан жаңа мәдени нысан тұрғындар үшін...

Сот отырысының хатшысы – сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызды тұлға

Сот жүйесі – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың...

Жарма ауданында пробация есебіндегі азаматтармен психологиялық тренинг өткізілді

Жарма ауданының пробация қызметі Жарма ауданы прокуратурасының өкілдерімен және...

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ – ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен...