12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нүркен АЙТЫМБЕТОВ, БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы: Ғаламдық бастамалар ядролық қарудан бас тартудан басталды

Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялаған уақыттан бастап халықаралық қарым-қатынаста белсенді іс-қимылдарымен көзге түскен болатын. Мемлекет басшысының халықаралық, аймақтық және әлемдік деңгейдегі түрлі бастамаларына БҰҰ мен оның құрылымындағы ұйымдардың басшылары және дүниежүзіндегі беделді мемлекет пен қоғам қайраткерлері тарапынан жоғары бағаланып жүрді. Біз осыған орай олардың жай-күйі туралы ҚР БҒМ Философия, сая­саттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Нүркен Ысқақұлы Айтымбетовтың ой-пікірін білген едік.
КСРО тарап, одақтас респуб­ликалар өз дербестігін жария­лаған соң Қазақстан да әлем елдерімен жақын халықаралық қарым-қатынас орнатуды, ғаламдық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға өзінің барынша үлесін қосуды алдына мақсат етіп қойды. Бұл дегеніміз жаңа ғана буыны қалыптасып келе жатқан жас елдің мемлекеттік құрылысын бекемдеуден туындаған қажеттілік еді. Елге сырттан инвестиция тарту, жер асты қазба байлықтарын шетелдік озық технологиясы бар компаниялармен бірлесіп игеру елдің әлеуметтік-экономикалық саласын көтеру үшін ауадай қажет болды. Осы орайда Қазақстан өзінің алғашқы ғаламдық бастамасын жаппай қырып жоятын қаруды таратпаудан және одан өз еркімен бас тартудан бастады.
Нәтижесінде, Қазақстан сияқты Орталық Азияда орналасқан дамушы бейбітсүйгіш елді әлем жағымды қырынан жақын тани түсті. Оны біз экономикаға құйылған қыруар шетелдік инвестициядан бөлек, әлемдік жанжалдар орын алған елдердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында біздің әскери күштерді бітімгерлік миссиясына жаппай тарта бастағанынан көруімізге болады. Сондай-ақ, Таяу шығыс пен посткеңестік елдер аймағында орын алған түрлі дау-дамайлар мен қақтығыстарды бейбіт келісім жолымен шешуде Қазақстан бітістіруші ел ретінде бірнеше мәрте шешуші рөл атқарды.
Орталық Азия елдері одағын құру әлі де өзекті. 2007 жылы 26 сәуірде Н.Назарбаев посткеңестік кеңістіктегі азиялық бес мемлекеттен (Қазақстан, Қыр­ғызстан, Өзбекстан, Тәжік­стан, Түрікменстан) тұратын Орталық Азия одағын құру идеясын көтерді. Алайда, бұл саяси-экономикалық бірлестік тараптардың бірауыздан қолдамауы себепті тәжірибе жүзінде іске аспай қалды. Оған басты себеп жоғарыда аты аталған бес мемлекеттің әрқайсысы өз алдына ұлттық мүддесін алға қойғандықтан бұл идея аяқ асты қалды. Тағы бір ықпал еткен фактор сол тұста
И. Кәрімов билігінің Өзбекстанды қатаң саяси оқшауда ұстауы да түрткі болды.
Көп ұзамай посткеңестік кеңістікте Қазақстанның бастамасымен құрамына Ресей және Беларусь елі кіретін Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Бұл одақтың құрылуына қазақстандық қоғамда ұлт пат­риоттары мен қо­ғам белсендері әу баста қарсы шықты. Олардың басым бөлігінің пікірінше бұл бастамаға Ресей экономикалық одақ тұрғысы­нан емес, керісінше саяси одақ ретінде қарайтындығын алға тартады. Олай болған жағдайда әрқайсысының көкейінде тәуелсіздігімізді жоғалтып аламыз ба деген қауіп қылаң береді. Олардың бұл күмәні жайдан жай емес екендігін бүгінгі күні орын алып отырған геосаяси жағдай көрсетіп отыр. Қазіргі геосаясаттағы жағ­дайды алып қарайтын болсақ көрші Ресейдің ескі империялық арманды қайта көксеуі, көршілес елдердің территориясына заңсыз қолсұғушылығы мен жеріне көз тігуі әлемді алаңдатып отыр. Кез келген одақтың өміршеңдігі оның құрамындағы елдердің тепе-тең дәрежеде экономикалық қарым-қатынасқа түсе алуына тікелей байланысты. Тепе-теңдік пен өзара құрмет бар жерде ғана терең экономикалық интеграция іске аспақ. Ал бір мемлекет екінші мемлекеттің үстінен қарап, оған күш көрсету мен мәжбүрлеу саясатын ұстанатын болса ондай одақ өміршең болмайды.
Осы орайда 2018 жылы Астана қаласында Орталық Азия елдерінің басшылары саммитте бас қосуы сарапшылар арасында Одақты құру қайта қолға алынуы мүмкін деген үміт оты қайта оянғандай болды. Оған тағы бір себеп осы уақытқа де­йін жабық сыртқы саясат ұстанып келген Өзбекстанның қазіргі Президенті Шавкат Мирзиеевтің келуімен тығыз байланысты. Ш.Мирзиеев билікке келе салысымен елдің қалыптасқан сыртқы саясатын өзгертуге тырысуы көрші елдермен қарым-қатынастың қайта жаңғыруына жол ашты.
Бір жағы­нан, геосаясат­тағы орын алып отырған күр­делі өзге­рістер, екінші жағынан, жа­һан­данудың тереңдей түсуі бүгінгі күні мемлекеттер ара­сындағы ық­палдастық­ты күшейтуді талап етіп отырған жайы бар. Жаһандану жағдайын­да ұлттық мемлекеттерден жоғары тұратын одақтастық билігі әлдеқайда жоғары. Оған айқын мы­сал ретінде Еуропа елдеріндегі ЕуроОдақты алып қарауымызға болады. Қазіргі уақытта осы одақтың құрамына мүше болғысы келетін елдер қатары күн санап артып келеді. Тіпті, Түркия сияқты елдер жылдап кезегін күтіп отырса, Украина немесе Грузия елдері басын қатерге тігуде. Ал Қазақстан Еуропадан алшақ жатқан құрлық елі болғандықтан, бізге осындай одаққа балама бола алатын жоғарыда аты аталған Орталық Азия одағын нықтап қайта қолға алу керек. Себебі, Орталық Азия батыс пен шығысты жалғайтын алтын көпір десек, онда Қазақстан мен Өзбекстан бастаған бес мемлекет біріксе үлкен күшке айналары сөзсіз.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

ИСКОРЕНИТЬ СОЦИАЛЬНОЕ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Выступая на первом форум работников сельского хозяйства, Глава государства...

Киберзавры против кибер-мошенников

В Шымкенте стартоал образовательный проект «Киберзары», направленный на повышение...

Книги на автобусных остановках

Современный мир становится все более цифровым. И это касается не...

Поддерживая демократические процессы

В Санкт-Петербурге прошло 57 пленарное заседание Межпарламентской Ассамблеи СНГ,...

В борьбе с виртуальной преступностью

На недавнем заседании Международного совета при Верховном Суде Республики...