Нұр-Сұлтанда сауда орталығы маңына әуе шары құлады

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығынан әуе шарын жел ұшырып әкетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Astanovka98 Telegram-арнасы кадрларды бөлісті.

Құлаған сәтте шар себетінде ересектермен қатар балалар да болған. Жерге түскен бойда әуе шарын жел алып кетпес үшін бірнеше адам оны ұстап қалуға әрекет етеді.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 112 қызметіне бұл оқиға бойынша ешқандай ақпарат түскен жоқ», — деді департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қалалық ТЖД 6 шілде күні күн райының қолайсыз болатынын хабарлаған болатын. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды абай болуға шақырады.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...

Мировое признание: предметы ЕНУ признаны лучшими в Казахстане по версии рейтинга QS

По результатам ежегодного предметного рейтинга QS World University Rankings...

ЕНУ вошел в топ-300 вузов мира по версии QS

Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева подтвердил статус...

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндеті

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің мәртебесі елдің негізгі заңымен бекітілген....