АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру саласындағы әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретіндегі мәртебесін тағы да растады. Университет «QS World University Rankings by Subject 2026» рейтингінде «Білім беру және оқыту» (Education & Training) бағытында әлем бойынша 41-орынды иеленіп, ТОП-50 қатарына енді.

ҚазҰПУ осы бағыт бойынша ТОП-50-ге енген Қазақстандағы жалғыз университет және Орталық Азиядағы көшбасшы атанды. Бұл нәтиже университеттің заманауи педагогиканы дамытудағы және жаңа буынның халықаралық деңгейдегі мамандарын даярлаудағы стратегиялық рөлін дәлелдейді.

QS аймақтық директоры Сергей Христолюбов жаңа пәндік рейтингтерде Орталық Азияның жоғары білім беру жүйесі үшін тарихи жетістікке қол жеткізілгенін атап өтті. Оның ішінде, Абай университеті Азия бойынша үздік ондық қатарына еніп, Орталық Азия бойынша көш бастады. Бұл нәтиже – QS пәндік рейтингтеріне қатысу тарихындағы өңір үшін ең жоғары көрсеткіш.

Жетістіктің негізгі факторы – жоғары халықаралық академиялық бедел: бұл көрсеткіш бойынша университет әлемде 9-орынды иеленді. Соңғы бес жылда университет 410 академиялық номинацияға ие болды, олардың 67%-ы АҚШ, Еуропа, Ұлыбритания, Канада және ТМД елдерінің жетекші университеттерімен серіктестікке байланысты.

Еңбек нарығы тарапынан да жоғары баға берілді: «Жұмыс беруші беделі» көрсеткіші бойынша әлемде 43-орын ҚазҰПУ түлектерінің халықаралық деңгейде сұранысқа ие екенін көрсетеді.

QS by Subject 2026 рейтингінде университет басқа бағыттар бойынша да ұсынылған:

  • «Өнер және гуманитарлық ғылымдар»: #360 орын
  • «Қазіргі тілдер»: #201–250
  • «Лингвистика»: #301–350 (2019 жылдан бері тұрақты өсім)
  • «Өнер және дизайн»: #201–300

Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми зерттеулерді дамыту, халықаралық серіктестіктерді кеңейту және негізгі көрсеткіштерді: дәйексөз алу, академиялық бедел, халықаралық зерттеу желісі және Хирш индексін арттыру арқылы өз позицияларын нығайтуды жалғастыруда.

Абай атындағы ҚазҰПУ – жай ғана оқу орны емес. Бұл – жаһандық  академиялық кеңістікке интеграцияланған ұлттық педагогикалық білім беру көшбасшысы.

QS World University Rankings пәндік рейтингінің соңғы шығарылымының нәтижелерімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.topuniversities.com/

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...