12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАН ҮМІТТІ

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып, олардың өзін басқалармен тең дәрежеде сезінуі үшін, емін-еркін жүріп тұруын қамтамасыз етіп, барлық жағдайды жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып отыр.

«Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту проблемасы көбіне тиісті білім алудың жеткіліксіздігімен байланысты. Олардың көпшілігі орта білімді, аз бөлігінің ғана жоғары білімі бар. Мүгедектігі бар адамдардың білім деңгейінің төмендігі, сондай-ақ орта және техникалық білім негізінде дайындықтың тиімсіздігі еңбек нарығына сәтті кірігуге елеулі кедергілер туғызады, – деген депутат Динара Наумова мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту кезінде туындайтын мәселелерді шешу жолдарын ұсынған болатын.

Яғни, депутаттың ұсынысына келер болсақ, бұл мәселені тиімді шешу үшін Үкімет тарапынан белсенді қолдау керек. Мәселен, дәл қазір Қазақстанда 725 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұрса, оның 385 мыңы еңбекке жарамды жаста. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жандардың 53% еңбек етуге қабілетті. Қазірдің өзінде олардың үштен бірі, яғни 138,7 мыңы белсенді еңбекпен айналысып жүр. Мемлекеттің мойнына мінбей, өзінің мүмкіндігі шектеулі екенін алдыға тартпай, өз бетінше еңбек етуге талпынған 36% мүмкіндігі шектеулі жан ел ішінде белсенді еңбек етіп жүр. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі жандардың қалауына сай елімізде оларға арнайы жұмыс орындарын ашып, қоғамдық орындарда қоларбамен жүретін мүмкіндік жасап, тіпті жұмыс көздерін көбейту мақсатында арнайы несиелендіру бағдарламасын да іске қосып жатыр. Солардың бірі – Ақмола облысы. Өңірде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Мәселен өткен жылы жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан 233,2 млн теңге сомасына 178 адам өтеусіз грант алған. Атап өтер жайт, өңірде мұндай санаттағы жандарға несие беру жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2023 жылы 178 адамның грантпен қамтамасыз етілуі жылдық жоспардан 104,7 пайызға артық. Негізі 170 адамға, әрқайсысына 400 АЕК дейін грант беру жоспарланғанымен, іс жүзінде 178 адам грантқа ие болған.

Жергілікті басқарушы орындар мұндай грант көлемін биыл да арттырамыз деп отыр. Осы орайда жоғарыдағы 178 адамды санаттарына орай жіліктей кетсек, олардың ішінде 13 адам АӘК алса, мүгедектігі бар адамдар саны – 41, көпбалалы отбасылар – 92, ал қандастар – 3 адам, мүгедек баланы тәрбиелеушілер – 22, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 7 адам. Олардың әрқайсысы қоғам тарапынан көмекке зәру адам деп айта аламыз. Ақмола облысы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Назым Мұхамедиева «Біз әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетуге барынша тырысамыз. Таратып айта кетсек, жоғарыдағы тізімнің ішінде Бұланды ауданының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі Айгүл Қабдынасерқызы «Қазақ ұлттық киіз үйлерін дайындауға» 1 млн 380 мың теңге сомасында грант алды. Қорғалжын ауданының тұрғыны Өміржан Әлімқазы көп балалы отбасы ретінде «Бастау Бизнес» жобасының кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуды аяқтағаннан кейін, «былғарыдан аяқ киім тігу» жобасын жүзеге асыруға грант алды. Яғни бұл олардың қолға алған кәсібін одан әрі өркендетуге зор мүмкіндік. Отандық өнім өндіріп, сапалы былғарыдан жасалған ыңғайлы, экологиялық таза аяқ киіммен тұрғындарды қамтамасыз етсе, бұл біз үшін зор жетістік болар еді» дейді. Өңірдегі ауыз толтырып айтарлық тағы бір шара – Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдар үшін субсидияланатын жұмыс орындары жолға қойылған. 2023 жылы жұмыс берушінің мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмсаған шығындарын субсидиялау шеңберінде 12 жұмыс орны құрылыпты. Оның ішінде 7 – тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдар үшін, 5 – есту қабілетінің жоғалуы бойынша.

Мәселен, өңірде тұрған Игләк Сейлұлы – Көкшетау қаласының тұрғыны. Ол кресло-арбамен қозғалатын 1 топтағы мүгедектігі бар адам болғанымен, тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша шебер болып жұмыс істейді. Ал Біржан сал ауданының тұрғыны Эльмира Борангазиева есту қабілетінен айырылған 3 топтағы мүгедек болғанымен, қол қусырып отырмай, тігінші мамандағымен халыққа қызмет етуде. Жалпы, бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр. Демек олардың қоғамдағы орны айқындала бермек.

Қуаныш ЕРМЕКОВА, «Заң газеті»

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқаруда

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті...

Тәлімгерлер мен олардың жас қызметкерлері Невзоровтар отбасылық бейнелеу өнері мұражайында болды

Абай облысында «Халықаралық мұражай күні» қарсаңында сіздігі аралас мекемеде...