Министрлік өкілдері Каспий теңізіндегі судың тартылу себебін айтты

Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері Каспий теңізіндегі судың тартылу себебін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Каспий теңізінің су тапшылығының басты себебі, елдің Экология министрлігінің мәліметінше, планетаның бүкіл солтүстік жарты шарын шарпыған климаттың жылынуы.

«2006-2020 жылдар аралығында Каспий теңізінің су айдынына жауын-шашын аз түсті, ал булану процестері анағұрлым қарқынды болды, сонымен қатар, Еділ өзенінің бассейніндегі суы аз жылдарға байланысты орташа су ағыны да аз болды», — делінген министрлік хабарламасында.

Осы проблемаларды шешу үшін трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі комиссия жұмыс істейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы барлық трансшекаралық өзен бойынша, оның ішінде Жайық (Орал) өзені бассейні бойынша жұмыс топтары құрылған.

«Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарлары шеңберінде Жайық-Каспий бассейніндегі су шаруашылығы жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Осы кезеңде өткізілген іс-шараларға 98 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Айта кетейік, Ресей тарапы да осындай шаралар қабылдап жатыр», — деді министрлік өкілдері.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...