12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі Консультативтік-сараптамалық топ отырысы өтті.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаевтың басшылығымен өткен отырыс жұмысына КСТ мүшелері – М.С. Башимов, Е.Л. Өстеміров, О.Ә.Худайбергенов, Б.С. Беркімбаев, Д.Н. Бекманов, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері қатысты.

Басқосу аясында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жаңалышылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды.

Агенттік Төрағасы Д.Жазықбаев мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігіне жауапты мемлекеттік органдардың назарын аударды.

«Жылдан жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласы, оның сапасы мен қолжетімділігі азаматтардың жеке тәжірибесі негізінде мемлекеттік аппаратқа қатысты сенімін қалыптастыратын құралға айналып келеді.

Біздің басты мақсатымыз – цифрландыру. Дегенмен, мұндағы үрдіс оңтайлы жолға қойылмай отыр. Бүгінгі күні адамдардың қатысуынсыз атқарылатын электрондық қызметтердің үлесі 4% ғана құрайды. Қалған қызметтерді электронды нысанда тек өтінішті беру немесе оның нәтижесін алумен ғана шектелген, ал барлық ішкі процестер қызметшілермен іске асырылады. Ағымдағы жартыжылдықта 74,3 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның басым бөлігі 73,3 млн. (98,6%) электронды нысанда.

Қызмет алушылардан келетін шағымдар азаяр емес. Дәл қазіргі сәттің өзінде қаралып жатқан шағымдардың саны 100-ден асады», – деді ол.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға соңғы түзетулермен «қоғамдық маңызы бар қызмет» деген жаңа ұғым енгізілді, ол үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталатын болады. Бұдан былай мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудан бөлек, Агенттік қоғамдық мониторинг шеңберінде қоғамдық маңызы бар қызметтерді бағалап, оларды ұсыну сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар шығарады. Сондай-ақ талдау және мониторингтеу негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды тұжырымдайды.

«Жақын арада Агенттікпен қоғамдық маңызы бар қызметтердің тізімін және оларға баға беру үшін қажетті стандарттар әзірленетін болады», – деп атап өтті Агенттік төрағасы.

Отырыс барысында проактивті, композиттік, қысқа мерзімде және бір құжатпен көрсетілетін қызметтердің үлесі төмен екендігі айтылды.

Сонымен қатар, маңызды мәселелердің бірі мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың компьютерлік паркін сәйкес келтіру, жаңарту болып табылады. Өйткені бұл қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне әсер етеді. Мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша, қызмет көрсетуге тартылған компьютерлік парктің 39,8%-ы талаптарға сәйкес келмейді. Компьютерлердің шамамен 12,9%-ы тозған және есептен шығаруға жатады.

Агенттік мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі:

— адамның қатысуынсыз цифрлық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру;

— мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін біріздендіру, сондай-ақ коллизияларды, құқықтық олқылықтарды, тым жоғары талаптарды жою;

— мерзімдерді есептеу институттарын, өкілдікті, халықаралық-құқықтық қатынастарды енгізу.

Отырысты қорытындылай келе, Агенттік Төрағасы мемлекеттік аппараттың сервистілігі мен клиентке бағдарлануының маңыздылығын атап өтті: «Мемлекеттік аппараттың сервистік, клиентке бағдарланған жолға түсетін уақыты келді. Осы мәселеге Мемлекет басшысы аса мән беріп отыр. Қолданыстағы Заң көптеген, бүгін айтылғандай, жаңа құқықтық институттарды қажет етеді».

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Баспасөз қызметі

Алматыда «Jas Camp 2024» жастар лагері өтті

Ағымдағы жылдың  8-12 қыркүйек аралығында  қала күні қарсаңында қаламыздың...

Геннадий Головкин World Boxing жаңа Олимпиадалық комиссиясының Төрағасы болып сайланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс...

Неке бұзу туралы дауларды қарау ерекшеліктері

2023 жылғы 27 наурыздағы № 216-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының...

Как проходил отбор в РКР

Впервые, во всех регионах страны проведен отбор в кадровый...