12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілді мерейлендіреміз

Алакөл ауданы тұрғындарының жүз  пайызы  жергілікті ұлт өкілдері – қазақтар  болғандықтан сотқа арыз-шағымдар мемлекеттік тілде түсіп, қаралады. Сондықтан аудандық сотта мемлекеттік тілдің пайдалануы талапқа сай  екенін ашық айта аламыз. Рас, шағымданушылар тарапынан жазылатын арыз-шағымдарда грамматикалық қателер баршылық. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін кеңсемізге арнайы қойылған тақтаға арыз-шағым жазу үлгілерін мемлекеттік тілде жазып, іліп қойғанбыз. Қарапайым халық қана емес лауазымды қызметкерлердің арасында арыз жазу формасын білмейтіндер бар. Өз қажеттілігі үшін сотқа келуін келгенімен арызды қалай жазуды білмей дағдарып тұрып қалғанда көрнекті жердегі үлгіге қарап келген жұмысын бітіріп кетеді. Бұл сот кеңсесінде талапқа сай жасалып, пайдалануға енгізілген  грамматикалық ақпарат, фонетикалық дағдыландыру секілді  шартты белгілердің заңнама шеңберінде орындалғанынының бір дәлелі болып саналады. Дей отырып, орындалуымен құндылығы артатын заңды біліп,сыйлап, құрметтеуді  өзімізден бастағанымызды паш еткеніміз артық болмас. Талдықорғандағы Жетісу облыстық сотына баратын жиналыстарымыздан шыққанда, кейде телефон арқылы журналистер тарапынан «сіз басқарып отырған  аудандық сотта  мемлекеттік тілдің қолданылуы қалай?» деген орынды сұрақ қойылады.Сонда  қарамағымдағы қызметкерлердің қазақ тілінде таза сөйлеп, сауатты жаза алатынын ашық айтамын. Сосын, апталық, айлық жұмысымыздың қалай атқарылғандығы туралы сараптамалық жиналысымызда сөзді мемлекеттік тіл мәселесінен бастаймын. Сот жүйесінде қызмет істейтін мамандардан бастап судьяларға дейін  мемлекеттік тілді  жетік білуге, сауатты жазуға  міндетті екендіктерін тәптіштеуден жалықпаймын. Өйткені, ол заңнама талабы болып саналады. Заң талабын мүлтіксіз орындаудың нәтижесінде азаматтарға түрлі себептермен жазатын арыздарын граматикалық сауатты жазуға қалыптастырып қалдық. Әрине, тұлғалар ауысқанымен үлгі біреу ғой. Бірақ жекелеген азаматтар заңгерлік тілде әрі азаматтық, қылмыстық істерді бөліп жазуда мүдіріп, тіпті қайта ойланып келуге кетіп те жатады. Бұл азаматтарға артылатын жауапкершіліктің зор екендігін көрсетеді. Әуелгі кезекте таразының екі басы ар екенін азаматар ұмытпағаны ләзім. Қандай да бір мәселе туындағанда сол дауды заңнама шеңберінде шештіру үшін сотқа келгенін кім-кім болсын, біліп, түсініп, жауапкершілікті сезінуі міндет. Сондықтан     ең бірінші сабырлылық сақталады. Ашуланып келген арызданушының аптығы басылған соң, қызметкерлеріміз белгіленген ережеден ауытқымай құжаттарын мұқият оқып, түгендеп, кем-кетігі болса қосымша қандай құжаттар керек екендігін мемлекеттік тіілде түсіндіреді. Ерекше айтарым, мен басқарып отырған сотқа арыз-шағым қазақ тілінде түссе  қазақ тілінде қаралып, шешім, ұйғарым, үкім қазақ тілінде шығарылады. Бұл заң талабы.  Сөйтіп, мемлекеттік тілді мерейлендіреміз!

Алакөл ауданы,

Жетісу облысы

Ринат Құрманғалиев,

Алакөл ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...