12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілді дамыту — жас ұрпақтың басты міндеті

      Тіл — халықтың ең үлкен ұлттық құндылықтарының бірі.Тілі жоқ ұлт жоғалады дегендей , біз тәуелсіздік  алған дамыған ел болсақта әлі күнге дейін қазақ тілінде таза еркін сөйлейтін  ұрпақтарымыздың саны өте аз .Бұл өте ахуалды мәселе.

       Өйткені, 10 жыл бұрын 3 тілділік саясаты қалыптастырылғаннан соң алғашқы сауатын шет тілінің әліппесімен ашатын кішкентай бүлдіршендеріміз өсе келе ана тіліміздің қадірін мүлдем түсінбей жатады.

       Әрине көп тіл білу артық етпейді. Бірақ өзге тілдің бәрін  біл , өз тіліңді құрметте деген қазақ халқымыз.Осы тіліміз болашақ  ұрпаққа сақталып , мұра  болып қалсын деп талай алаш зиялылары  қыршынынан қиылды.      Тіліміздің  қорланбай , таза күйде сақталуы тек біздің, жас ұрпақтың қолында.  

        Елімізде «Тіл туралы» заңының 13 бабында  ҚР сот істері мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде  орыс тілі де мемлекеттік   тілмен тең қолданылуға құқығы берілген. Осының  әсерінен мемлекеттік тілдің  қолдану аясы тарылып, көптеген сот өндірісінің істері орыс  тілінде  қаралуда.

        Көңілге  қаяу салатын бір жағдай, қазақ тілінде сөйлеуге намыстанып, үйренуге  әрекет жасамайтын нағыз қазағымыздың жастары.Ал басқа ұлт өкілдері  қазақ  тілін кейбір қазақтарға  қарағанда   өте жақсы меңгерген.Ал нағыз қазақ  ұлт  өкілдерінің  қазақ тілін меңгеруге мүлде құлқы жоқ. Дәл осы азаматтар біздің елімізде әртүрлі салада қызмет етіп, өзге тілдерді насихаттап жүр. Бұл  жағдайларды , жастардың  санасыздығын  күнделікті  жұмыс  барысында  да  көрудеміз.

       Абай атамыз 25-ші қара сөзінде былай жазып кеткен екен: Орысша оқу керек, хикмет те, мал да,өнер де ,ғылым да –бәрі  орыста тұр. Оның  себебі олар дүниенің тілін білді. Орыстың ғылымы, өнері –дүниенің кілті , оны білгенге дүние арзанырыақ түседі.Осының әсерінен көп жастарымыз қазақ тілін біліп алысқа бармайсын деген ұранды ұстануда.

       Біз саналы , білімді  жас  ұрпақ  намысқа тырысып, тіліміздің мәртебесін биіктету үшін бар күшімізді  салуға тиіспіз. Ана тілімізде сөйлеуді күнделікті дағды ретінде қалыптастырып, сәнге айналдырумыз керек.Яғни, азаматтар арасында  патриотизм,  отанға деген сүйіспеншілік оянуы —  бұл тілдің ахуалды мәселелерінің алдын алады. Мемлекеттік тілді дамыту – біздің ортақ мүддеміз,бізге артылған ең үлкен жауапкершілік.

                         Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар

          істері жөніндегі мамандандырылған

         ауданаралық сотының бас маманы,

                          сот отырысының хатшысы Талғатқызы Гүлнәз

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...