12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тіл – ең басты байлығымыз

Ұлттық қ ұндылықтар ана тілден бастау алады. Ең басты байлығымыз да, басты құндылығымыз – тіл екендігі баршамызға белгілі. Әліпбиімізді латын графикасына көшіру – қазақ тілінің жаңғыруына жағдай туғызып отыр. Бұл игі қадам қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны заманауи ғылым  м ен ақпараттың тіліне айналдыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, жаңа әліпби ұлттық қодымызды одан әрі нық қалыптыруға ықпал етеді. Осындай мақсаттарға жету үшін ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер, қазақ елінің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев төл тарихымызда он жылдай уақыт қолданыста болған латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің әліпбиін XXI ғасырда жаңа нұсқада қайта оралуына мүмкіндік беріп, еліміздегі басты жаңғыру – жаңа әліпбиді бекітті. Ендігі мақсат – қазақ тілін әлемге таныту, латын графикасына көшу кезеңдері міндеттерін ынтымақтастықта жүзеге асыру.

Жазу-барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді жалғастырушы, байланыстырушы құндылықтардың бірі. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. жазу-әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Сондықтан жазу, әліпби адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлымыз. Ондай болса, жаңа әліпби қазақ елін әлемге танытар халықтың асыл мұрасы болады деп сенеміз.

Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделне ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін әлем мойындап отыр.  латын әріптері графизация (әріп таңбалау) заңдылықтарына, яғни, «көру – қабылдау — тану» талаптарына да сай. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебеттер т.б. латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.

Латын графикасын қолданатын барлық елдердің әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санынан әлде қайда аз болуы да оның жетістігі болып табылады. Латын әліпбиінде әр түрлі диакритикалық таңбалар (нүкте, сызықша,  айшық, дәйекші т.б.), яғни қосымша белгілер арқылы көптеген елдің барлық фонемалары латынның 26 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін танытатын тиімді әліпби дәрежесіне жеткізіп отыр. Жазуға қойылатын басты талап лингвистикалық (тілді дәл жеткізу) бағытта ғана емес, техникалық жағдайларға (баспа ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б.) да сай болуы керек.

Сөзімізді «Латын қарпі бізге дүниежүзінің халқымен, әлемнің ғылыми-білімімен қарым-қатынас үшін керек» — деген.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған 

тергеу сотының бас маманы- сот отырысының хатшысы Ибрагимова Айгерим Теміровна

2025 жылы «Каспий» биржасында 26 мың тоннадан астам битум сатылды

«Каспий» тауар биржасы» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылындағы битумның...

Кассациялық сот құрудың маңызы мен ерекшелігі

2024 жылы 5 шілдеде Мемлекет басшысы кассациялық соттарды реформалауға...

АЛМАТЫДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНАН РАҚЫМШЫЛЫҚПЕН АЛҒАШҚЫ СОТТАЛҒАН БОСАП ШЫҚТЫ

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемеде...

Казахстан участвует в министерском сегменте Политического форума ООН по устойчивому развитию

В Нью-Йорке (США) началась работа министерского сегмента Политического форума...

Интернеттегі алдану: алаяқтықтың сұм айласы

Цифрлы технология күн санап дамып, интернет желісі халықтың күнделікті...