АЛМАТЫДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНАН РАҚЫМШЫЛЫҚПЕН АЛҒАШҚЫ СОТТАЛҒАН БОСАП ШЫҚТЫ

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемеде 60-қа жуық сотталған шаруашылық қызметінде жұмыс істейді. Шаруашылық қызметіндегі жасақ аса ауыр емес қылмыстар жасаған және бірінші рет сотталғандар қатарынан іріктеледі.
Қазір шаруашылық жасағында алпысқа жуық сотталған бар. Олардың арасынан бүгін Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылық заңы бойынша алғашқы сотталған босап шықты. 1999 жылы туған азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы, 3 бөлімінің 4 тармағы бойынша, яғни алаяқтық қылмысы үшін 3 жыл 6 ай мерзімге сотталған болатын. Ол жазасын шаруашылық жасағында 2023 жылдың наурыз айынан бері өтеп келеді.
Рақымшылық туралы заң қылмыстық теріс қылық жасағаны, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталғандарға қолданылатындықтан мекемеде қазір барлығы 40-қа жуық сотталғанның ісі қарастырылып жатыр.

В Алматинской области более 460 детей получили медицинскую помощь в рамках выездных осмотров

В рамках мероприятий, приуроченных ко Дню Республики Казахстан, специалисты...

Алматы облысында 460-тан астам балаға көшпелі медициналық көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасы күніне орай Облыстық балалар клиникалық ауруханасының мамандары...

Сот қызметін ұйымдастыру – жауапты әрі маңызды міндет

Істің көзін тапқан, қисықтың тезін тапқан мамандар ғана халық...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілдің қоғам...

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ 

Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – маңызды...