СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ —  МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — құқықтық мемлекет құрудың және қоғамның әл-ауқатын арттырудың маңызды шарттарының бірі. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық қатынастардың дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін әлсіретеді.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда құқықтық сауаттылықтың маңызы зор. Әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, заң талаптарын сақтауы қажет. Қоғамда адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын дәріптеу сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді тетіктерінің бірі болып табылады.

Сот жүйесінде де ашықтық пен жариялылық қағидаттарын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басты басымдық болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек уәкілетті органдардың міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік танытып, заң талаптарын сақтауға үлес қосқан жағдайда ғана әділетті әрі дамыған қоғам қалыптастыруға болады.

А.Ерболат, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының жетекші маманы 

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...