spot_img
spot_img

Мелекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы

Мемлекеттік қызмет — бұл мемлекеттік қызмет саласы және мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауға бағытталған, мемлекеттің мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған қызмет.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және орындау келесі қағидаттарға негізделеді: заңның үстемдігі, патриотизм, мемлекеттік қызметтің біртұтастығы, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы, Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізу және қызметтік өсу құқықтарының теңдігі, сондай-ақ өз қабілеттері мен кәсіби дайындығына және басқа да қағидаттарға сәйкес болуы.

Мемлекеттік қызмет лауазымдарына саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер жатады. Мемлекеттік қызметке қабылдау тағайындау немесе конкурс арқылы жүзеге асырылады. Әкімшілік мемлекеттік қызметке қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс, жасы кемінде                 18-де болуы керек, тиісті білімі, кәсіби даярлық деңгейі және т.б. болуы қажет. Еңбек ету құқығы ерікті еңбекке негізделеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабына сәйкес: «Әркім еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқылы». Бұл дегеніміз — әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өз қалауына сай жұмысқа орналасуға және өз еркімен жұмыстан кетуге құқылы. Азамат өзі қанша уақыт жұмыс істегісі келетінін шешеді.

 «Мәжбүрлі еңбекке тек соттың шешімімен немесе төтенше немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі». Бұл дегеніміз — азаматтар қылмыс жасаған жағдайда ғана сот шешімімен еңбекке мәжбүрленуі мүмкін. Сондай-ақ, адамдардың қоғамға және адамға пайдалы ерікті еңбегі құпталады. Ерікті еңбек — бұл адамның өз еркімен қоғамға қызмет етуі. Азаматтар үйде де, шаруашылықта да, кәсіпкерлікпен, мал шаруашылығымен айналыса алады. Сондай-ақ олар кітап жазып, сурет салып және басқа да жұмыстармен айналысуына болады.

Тараз қаласының тергеу соты әкімшісінің басшысы Б.Нұрәлі


Кассациялық соттың құрылуы

           Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот...

Қазақстан Конституциясына – 30 жыл: тұрақтылықтың және жаңғырудың негізі

           2025 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толады....

Сот жүйесінің цифрлануы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті...

Аты, тегі және әкесінің атын өзгерткен тұлғалардың есебі

Соңғы кездері бұрын соттылығы бар азаматтар тегін, атын және...