Мекемеде жылқының көмегімен тексеру іс-шаралары қолға алынды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінде өндіріс аймақтағы жұмыс орындарынан жер астындағы қазылған орындарды іздеуге жылқы малы жұмылдырылды. Сотталғандардың қашып кетуіне жол бермеу мақсатында мекеменің режим бөлімінің қызметкерлері және 5547 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының жауынгерлерімен бірлесіп негізгі қоршаудың қашу тұрғысында қауіпті тұстарын, жасырын қазылған орларды анықтау мақсатында, тексеру іс-шарасы өтті. Осылайша жазасын өтеушілердің қашып кетуіне жол бермеу мүмкіндігі артылады. Тағы бір айта кететін жайт, жануар жер астында бос орын сезінсе,барудан бас тартады. Тексеру барысында қазылған жерлер табылған жоқ.

№60 мекеме баспасөз қызметі

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...