Мекемеде “Қақпа алдында кездесу” шарасы өтті

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінен жазасын өтеп бір азамат бостандыққа шықты.
Мекеменің тәрбие бөлімі сотталған азаматқа «Қақпа алдында кездесу» атты әлеуметтік бейімдеу іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты — сотталған азаматтың қоғамға бейімделуіне көмектесу, қайталама қылмыстың алдын алу және әлеуметтік қолдау көрсету.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқық қорғау саласының мамандары және әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Олар босатылған азаматқа құқықтық кеңес беріп, қажетті құжаттар бойынша ақпарат ұсынды.
Сотталған азаматты мекеме қақпасынан туған-туыстары қарсы алып, отбасымен қауышты. Бұл — оның жаңа өмірге қадам басуындағы маңызды сәттердің бірі болды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері атап өткендей, мұндай іс-шаралар сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеудің тиімді құралы болып табылады. Олар босатылған азаматтарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беріп, әлеуметтік қолдауға ие болуына жол ашады.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...