12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация — жанжалды реттеудің бейбіт жолы

Қоғамда адамдар күнделікті өмірде түрлі қақтығыстар мен дау-жанжалдарға жиі ұшырайтыны жасырын емес. Конфликт түрлері әралуан болуы ықтимал. Тұлғаралық келіспеушіліктер, ортақ мәмілеге келе алмау, ынтымақтастықтың болмауы, кәсіптік жеке саладағы сәтсіздіктер көптеген факторлар әсерінен дау-жанжалдар көбейіп, сотқа жүгінушілер саны күннен күнге артуда.

Дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау және қолдану арқасында көптеген істер тараптардың татуласуы арқасында өз шешімін табуда. Яғни, Медиация -институты дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, таатуластыру рәсімдерін қолданудың тәртібі кеңейтілген болатын. Соның арқасында тараптар арасындағы тату қарым-қатынас сақталып, екі жаққа да ыңғайлы. ортақ келісімге келу, уақыт үнемдеу, төлеген мемлекеттік бажды қайтару,бірінші және апеллялық сот сатыларында төленген баж толық көлемде, ал каасациялық сатыда төленген баж 50% қайтарылады, сот шығындарын азайту,  іскерлік қарым-қатынас пен өз саласындағы беделді сақтап қалуда татуласу рөлі өте тиімді болып табылады. Тараптар дауды медиациялық, медиативтік және партисипативтік рәсімдер арқылы реттей алады. Азаматтық сот ісін жүргізуде сот талқылауына дайындық барысында татуласу рәсімін қолданып, істі татуласу келісімімен аяқтауға құқықтары түсіндіріледі. Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері оларда сенімхатта арнайы көзделген татуласу келісімін жасауға өкілеттіктері болған кезде қол қояды. Татуласу келісімі оларды орындау мерзімі мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптар келіскен шарттарды қамтиды. Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлңмдесе, кәсіби медиатор көмегімен немесе іс қаралып жатқан судья осы рәсімді бекітеді.

ҚР Медиация туралы заңына сәйкес, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу барысында, қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.  Тараптар бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін дауды (жанжалды) судьяның немесе медиатордың жәрдемдесуімен медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.

Ақтөбе облысының кәмлетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотында 2024 жылдың 4 айында  барлығы 1797 іс түсіп, оның 1325 іс қаралып,  медиациямен аяқталғаны- 65 іс, татуласу арқылы 215 іс аяқталды. Медиация ерікті процесс, даулы мәселені шешудің қолайлы жолы.

Ақтөбе облысының кәмлетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған сотының

 бас маманы сот отырысынң хатшысы М.М.Оразғали

Результативность работы госслужащих – следствие  эффективного планирования рабочего времени

Защита прав государственных служащих - важное направление деятельности Агентства...

«Электронды сот төрелігінің тиімділігі»

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Какие меры принимаются для защиты прав детей при разводах – судья Кымбат Комиртасова

При рассмотрении дел о расторжении брака судами принимаются определенные...