12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесі мен сот әкімшілігінің қызметін жетілдірудің басым бағыттары

2024 жылғы 4 қазанда ғылыми және кәсіби заң қоғамдастығының өкілдері, парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан Қазақстан Республикасы судьяларының IX Съезі өтті.

Съезде мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев бизнес пен халықтың сотқа деген сенімін нығайтуға, судьялардың тәуелсіздігі мен қабылданған шешімдерге жауапкершілігін арттыруға бағытталған бірінші кезектегі міндеттерді атап өтті.

Бірінші басым бағыттардың бірі – 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық соттарды құру.

Мемлекет басшысы атап өткендей: «Кассациялық соттардың тәуелсіздігі азаматтар үшін сот төрелігінің қолжетімділігін айтарлықтай кеңейтіп, инвестиция мен бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартады. Кассациялық соттардың құрамы ең тәжірибелі судьялардан жасақталуы керек».

2024 жылғы 5 шілдеде мемлекет басшысы үкімдер мен сот шешімдеріне шағым жасау үшін кассациялық соттарды құру мәселелерін реттейтін «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Жаңа соттардың құрылуы сот төрелігі мен Заңның үстемдік қағидаттарын толық іске асыруға ықпал етеді.

Республика Президенті судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдауды, судьялардың мінез-құлқының жоғары стандарттарын белгілеуді және халықтың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуды қолдады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы «Эксаумақтық соттылық» енгізілді. Статистикада көрсеткендей, 2023 жылы республика бойынша эксаумақтық соттылығы бойынша барлығы 1600 іс жолданса, 2024 жылдың 9 айында 1500 іс жолданған.

Осыған байланысты, әкімшілік соттардың тәуелсіздігі мен бейтараптығының жеткілікті кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысымен әкімшілік сот төрелігін одан әрі жетілдіруді және талап қоюшының таңдауы бойынша әкімшілік істерге эксаумақтан соттылықты енгізуді жалғастыру тапсырылды.

Бейбіт жолмен шешілген даулар санының оң динамикасы байқалды яғни, 2020 жылмен салыстырғанда биыл даулардың 40%-дан астамы реттелді.

Съезд қарарында заңдылық пен құқықтық қорғауды нығайтуға бағытталған сот жүйесі қызметін жетілдірудің басқа да басым бағыттары айқындалды:

  • сот жүйесінің тиімділігін және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бекіту;
  • қабылданған шешімдердің әділдігін және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету;
  • заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараудың жаңа элементтерін енгізу;
  • халықты сот төрелігін жүзеге асыру жағдайы туралы ақпараттандыру;
  • шетелдік сот қауымдастығымен тәжірибе алмасу және судьялардың халықаралық қауымдастығымен, Еуропа Кеңесінің Сот төрелігінің тиімділігінің халықаралық қауымдастығымен өзара іс-қимыл жасау арқылы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ сот төрелігін дамыту мәселелері бойынша шетел мемлекеттерінің ағымдағы тәжірибесін жүйелі түрде жариялау. Ведомстволық журналда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында сот өзін-өзі басқару және судьяларды әлеуметтік қамтамасыз ету;
  • қызметтегі және отставкадағы судьяларды әлеуметтік қорғауды арттыру бөлігінде заңнаманы жетілдіруге бастамашылық ету.

Съезде сондай-ақ, әрбір судьяның кәсібилігі мен судьялық тәжірибесін объективті бағалауға мүмкіндік беретін судьялар үшін біліктілік сыныптарын енгізу мәселелері қаралды.

Сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз ету және соттардың ашықтығын арттыру мақсатында одан әрі цифрландыруды және жасанды интеллект элементтерін енгізуді жалғастыру тапсырылды.

Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында сот жүйесінде жүргізілген реформалардың нәтижесінде Қазақстан әлемдік тізімде төртінші орынға ие болғанын атап өткім келеді. Бұл көрсеткіш қоғамның күнделікті өмірінде заңдылықты нығайтты.

Бүгінде еліміздің сот жүйесі халықаралық стандарттарға сай мемлекеттік басқару саласының біріне айналды деп нық сеніммен айта аламыз. Электрондық жүйе басқа мемлекеттік органдар жүйесімен біріктірілген, бұл сот актісін жеделдетілген түрде орындауға мүмкіндік береді.

Соттар мобильді қосымшаларды қолдану арқылы істерді онлайн қарауға толығымен көшті және аудио-бейне жазба құрылғыларымен толық жабдықталған, бұл процеске қатысушыларды тәртіпке келтіріп, орынсыз арыздардың түсуін азайтуға көмектеседі.

Қорытындылай келе, Мемлекет басшысы айтқан IX Съезде қабылданған және әзірленген шаралар, міндеттермен Съездің қарарында ең алдымен сот жүйесі мен сот ісін басқаруды одан әрі дамытуға бағытталғанын атап өткім келеді. Бұл заң үстемдігін қамтамасыз етуге және адамдардың, отандық бизнестің, шетелдік инвесторлардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға әкеледі.

       Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылғанауданаралық сотының төрағасы Д.М.Мутубаева

«Электронды сот төрелігінің тиімділігі»

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Какие меры принимаются для защиты прав детей при разводах – судья Кымбат Комиртасова

При рассмотрении дел о расторжении брака судами принимаются определенные...

Досудебный порядок урегулирования спора

С 2016 года в Казахстане стала применяться практика предварительного...

Алқабилер сотының кеңеюі көптеген мүмкіндіктерге ие

Кез келген адамның құқын әділ қорғау – мемлекеттің міндеті....