Медиация мақсаты – бітімгершілік

Қоғамдағы дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу, тараптарды өзара келісімге келтіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру – медиация институтының негізгі мақсаты. Медиация адамдар арасындағы түсініспеушіліктерді ушықтырмай, өзара құрмет пен келісім негізінде шешуге мүмкіндік береді.

Медиация – дауды үшінші, бейтарап тараптың көмегімен шешудің тиімді тәсілі. Оның басты ерекшелігі – тараптардың өзара келісімге ерікті түрде келуі. Бұл ретте әр тараптың пікірі ескеріліп, екі жаққа да қолайлы шешім табуға басымдық беріледі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау барысында да бітімгершілік мәдениетінің маңызы зор. Себебі кейбір құқықтық даулардың туындауына өзара түсініспеушілік, эмоцияға берілу немесе мәселені дер кезінде шешпеу себеп болуы мүмкін. Осындай жағдайларда тараптарға заң талаптарын түсіндіріп, өз әрекеттерінің салдарын бағалауға және мәселені бейбіт жолмен шешудің маңызын ұғынуға көмектесу қажет.

Медиацияның маңыздылығы – тек дауды шешумен шектелмей, тараптар арасындағы өзара түсіністікті қалпына келтіруге ықпал етуінде. Бітімге келу адамдарды сабырлылыққа, жауапкершілікке және бір-бірінің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге тәрбиелейді. Дегенмен, татуласу рәсімдері заңнамада көзделген жағдайларда және белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс.

Сот жүйесінде әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етумен қатар, даулардың бейбіт жолмен шешілуіне ықпал ету де маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Судья тараптарға заң талаптарын түсіндіріп, олардың құқықтары мен міндеттерін ұғынуына жағдай жасайды. Ал тараптардың өзара келісімге келуі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.

Қорытындылай келе, медиация – бітімгершілікке бастайтын маңызды жол. Кез келген дауды өзара түсіністікпен шешуге ұмтылу – құқықтық мәдениеттің белгісі. Бітімге келу арқылы адамдар тек өз мәселелерін шешіп қана қоймай, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың сақталуына да үлес қосады.

Қызылорда қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған сотының

судьясы С. Утегенова

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар

Қазіргі таңда сот жүйесін жаңғырту, сот төрелігінің сапасын арттыру...

Масаң күйдегі жүргізуші – жолдағы қатер

Бүгінгі таңда Сыр өңірінде, соның ішінде Қызылорда қаласында автокөлік...

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында мүлікке тыйым салу

Қазақстан Республикасы Конституциясында «Қазақстан Республикасының азаматтарының заңды түрде алған...

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін...

«Совминка» дәрігерлері сүйек сынуының алдын алу жолдарын түсіндірді

Сүйектің беріктігі адамның қимыл-қозғалыс белсенділігін сақтап, салауатты әрі белсенді...