12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Марат САҒЫМБЕК, Жетісу облысы, Панфилов ауданының әкімі: «БОЛАШАҚҚА СЕНІМ АДАЛ ҚОҒАМҒА ЖОЛ АШАДЫ»

– Марат Рақымбердіұлы, Президент біраз жылдардан бері өңірлерді дамыту, аймақтардың әлеуетін арттыру мәселесін көтеріп жүр. Кешегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауы да елдің еңсесін көтеру, мемлекет қуатын арттыру мәселелерін алға шығарды. Панфилов ауданы Ұлы Жібек Жолы бойындағы атқарылып жатқан бүкіл шаруашылықтың, экономикалық ауқымды істердің күретамыры іспетті. Мемлекет басшысының жолдауындағы мәселелердің аудан халқының бүгінгі ахуалы мен тыныс-тіршілігімен тікелей сабақтастығын қалай таратар едіңіз?

– Сұрағыңыз өте орынды, ел басшысы әр тапсырмасында экономиканы дамыту, әлеуметтік жағдайды көтеру арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту, балаларға қамқорлық жасау, тұрғындардың денсаулығын нығайту туралы тапсырмаларын міндеттейді. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің дамуына баса назар аударылып, жеке кәсіп ашатын азаматтарға қолдау көрсетудің нәтижесінде бұл сала тұрақты түрде дамыды. Біздің ауданда қазіргі уақытқа өз істерін ашып, жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12 мыңнан асып, олар 18,5 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Аудан аумағында«Қорғас-Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймақ және «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы орналасқанын білесіз. Осы екі аймақта инвесторлар тіркеліп, өндіріс орындарын, логистикалық қызмет көрсету және сауда саласы нысандарын ашумен айналысып жатыр. Биылғы жылы жалпы сомасы 6,8 млрд теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылып, 137 жұмыс орны ашылады. Осындай жобаларды жүзеге асыру аудан экономикасының дамуына зор үлесін қосады және аудан халқының әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді. Өздеріңіз білетіндей, көктем айында Мемлекет басшысының Қытай елімен жасаған сапары аясында үлкен келісімдерге қол жеткізілді. Осы келісім аясында біздің ауданда Қытай елінің инвестор, делегацияларымен бірқатар кездесулер өткіздік. Нәтижесінде ауданға инвестиция тарту, ауылшаруашылық саласын жандандыру, өңірге зауыт салу сынды бірқатар жобалар пысықталып, өзара меморандумға қол қойдық.

– Президент өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторларға басымдық берді. Осы ретте, аудандағы өндіріс қарқыны, еңбек капиталы, ресурстарды тарту-игеру мен технологияларды пайдалану, экономиканы әртараптандыру қалай жүзеге асып жатыр? Жаңа үрдістерден жергілікті тұрғындар шет қалып жатқан жоқ па?

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауларында айтылған міндеттер мен тапсырмаларды орындау бойынша Панфилов ауданында нақты шаралар жүзеге асырылып, жоспарға сәйкес ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. 2022 жылдың және 2023 жылдың жеті айының қорытындысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оңды нәтижелерді көрсетті. Мысалы, биылғы жылдың жеті айының қорытындысымен экономиканың негізгі салалары өнеркәсіп өндірісінде өсім 21,2%-ға, ауыл шаруашылығы саласы 2%-ға, шағын және орта кәсіпкерлік 7,2%-ға, сауда саласында бөлшек тауар айналымы 32,9%-ға, құрылыс саласы – 2,8 есеге, тұрғын үйді қолданысқа беру 45,5%- ға, негізгі капиталға инвестициялар тарту 32,6%-ға артты. Жалпы, 2023 жылға жоспарлаған көрсеткіштерді жыл соңында толық орындаймыз. Әрине, аталған салалардағы қолжеткізген жетістіктерге аудан халқының қосқан үлесі мол. Үстіміздегі жылдың 7 айында 4245 жаңа жұмыс орны құрылды (оның ішінде тұрақты жұмыс орны – 2802, уақытша жұмыс орны – 1443), жыл соңына дейін 1568 жұмыс орны ашылады. Сонымен бірге, өнеркәсіп саласында жалпы 67 орта және шағын кәсіпорын жұмыс істейді, биылғы жылы 80 жұмыс орны бар жаңа 3 кәсіпорын іске қосылады. Өткен жылы аудан экономикасына 39,2 млрд теңге (оның ішінде кәсіпорындар мен жеке меншік иелерінің қаржысы – 13,3 млрд теңге) инвестиция салынған болса, биылғы жылы 14,7% өсіммен 45 млрд теңге инвестиция салу жоспарланды, бүгінгі күнге 19 млрд теңге инвестиция тартылды.

– Барлық салалардағы жаңа жобалардың қысқа мерзімдерге арналу керектігі айтылды. Ауқымды жобалардан аз уақытта оң нәтиже алу жалпы тәжірибеде бар ма, оның тиімділігі неде?

– Бұл жерде ел Президенті жаңа экономикалық саясатта жүзеге асуы екіталай, ұзақ мерзімді мақсаттар қоюға болмайтыны туралы атап айтты. Яғни, жолдауда айтылатын міндеттердің бәрі үш жыл ішінде орындалуға тиіс, тек аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітілуі тиіс деп міндеттеді. Сіздің сұрағыңыздағы ауқымды жобалардан аз уақытта оң нәтиже алу жалпы тәжірибеде болған жоқ. Егер жоспарланған жобаны қаржыландыру өз уақытында жүзеге асырылса, аз уақытта орындауға болады деп ойлаймын. Ол үшін жергілікті әкімдік, мекемелер қажетті жобалық-сметалық құжаттар сынды дүниелерді дайындап пысықтап қою керек.

– Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу да – мемлекеттіліктің басты мақсаты. Бұл бағытта мемлекет ауыл, аймақ, өңірлерге арқа сүйейді. Жаркент – аграрлық аймақ. Аграрлық сектор бойынша өздеріңізде ежелден бар тәжірибенің жаңашыл ізденістері жайлы не айтасыз? «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қарастырылып отырған меже қандай?

– Бүкіл Қазақстан бойынша Үкімет AMANAT партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасына жол ашты. Бұл өте қажетті қолдау және дер кезінде қабылданған шешім. Бізде Панфилов ауданы бойынша 2,5 пайызбен несиелеу жобасы арқылы «Ауыл аманаты» бағдарламасының 1-кезеңінде жалпы сомасы 275 млн теңгеге 39 өтінім қабылданды. Оның нәтижесінде 264,3 млн теңгеге 36 өтінім мақұлданды. Ал қалған 10,7 млн теңгеге 3 өтінім несиелік жүктеменің асып кетуіне және кепілдік құжаттарының дұрыс болмауына байланысты кері қайтарылды. Панфилов ауданы аграрлық аудан болғандықтан, несие алуға басым өтінімдер ауыл шаруашылығы мақсатында, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту үшін берілген. Бүгінгі күні, Жетісу облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Панфилов ауданы шекаралық аймақта орналасқандықтан, жол бойы сервис объектілерін, сонымен бірге шағын кәсіпкерлік объектілерін дамытуға баса көңіл бөлініп, халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаның 2-кезеңінде жалпы 425 млн теңгеге 60-қа жуық өтінім беріліп несие алу жоспарлануда. – Қ.Тоқаев өз жолдауында энергетикалық қауіпсіздікке, газбен қамту мәселелеріне ерекше тоқталды. Осы ретте, ауданның энергетикалық мәселелері қалай жолға қойылған? Су электр станцияларын дамыту, елді газбен қамтамасыз ету мүмкіндіктері бар ма? – 2023 жылы Панфилов ауданының 6 ауылының (Алмалы, Кішішыған, Көктал, Головацкий, Алтыүй, Лесновка) жаңадан ашылған көшелерін электрмен жабдықтау құрылысына 645,2 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге 490,7 млн теңге игерілді. Қазіргі таңда Алмалы, Кішішыған, Лесновка ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 13,728 шақырымға электр желілері тартылды. Қалған ауылдар бойынша құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында аяқталады деп күтілуде. Оның сыртында Жаркент қаласының Алматы, Головацкий, Уалиханов көшелері мен Үшарал ауылының жаңадан ашылған көшелерін электрмен жабдықтауға жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді, құрылыстың сметалық құны 280,1 млн теңгені құрайды. Ауылдарды кезең-кезеңімен газдандыру мақсатында, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Панфилов ауданының 25 ауылына газ жеткізу құбыры мен газ тарату жүйелерінің құрылысына жоба-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 517,3 млн теңгеге шарт жасалған. Жоба-сметалық құжаттамалары әзірленгеннен кейін 2024 жылы қаржы бөлуге бюджеттік өтінім беріледі. Сонымен қатар, Жаркент қаласындағы көпқабатты екі тұрғын үйге газбен жанатын блокті-модульды қазандық орнатуға жоба-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 50,3 млн теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттамалары әзірленгеннен кейін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылады.

– Су – тіршілік көзі. Ауданда суға қатысты мәселелер (ауыз судан бастап, суды шаруашылыққа тұтыну, трансшекаралық су қатынастары т.б) қалай шешіліп жатыр?

– Бүгінгі таңда Панфилов ауданының 5 ауылының (Еңбекші, Надек, Көктал, Қырыққұдық, Шолақай) сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттамалар дайын. Жалпы сметалық құны 5,6 млрд теңгені, су құбырының ұзындығы 133,6 шақырымды құрайды. 2024 жылға республикалық бюджеттен қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылды. Жаркент қаласы мен Керімағаш, Сарыбел ауылдарының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына жоба-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Сонымен бірге, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы ауданның 12 ауылын жер асты суларымен қамтамасыз ету үшін геологиялық барлау жұмыстары кешенін жүргізуге жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы шыққаннан кейін ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту үшін жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы сұралады. Ауданымыздың ауыл шаруашылығы жерлері толығымен суғармалы. Жалпы, ауданымыздағы өзендердің суы таулы аймақтағы бұлақтардан, мұзды, қарлы, жылғалардан келеді. Сондықтан өзендегі судың деңгейі бізде ауа райына тәуелді. Тәулік бойы бір қалыпты сақтамай, өзгермелі күйде ағады. Әсіресе, көктемде түске дейін болған су, түстен кейін азаяды, кейде керісінше болады. Су пайдаланушыларға үлестірілген су азайғанда, кейбіреуінің суы тоқтап қалады және қайта суаруға тура келеді. Шаруа қожалықтары көбінесе жүгері дақылын егу кезінде бір уақытта су алып, егін егуге тырысады. Олар ауыстырмалы егістікпен айналыспайды. Осындай кезде су тұтынушыларды сумен толық қамтамасыз ету өте қиын. Бұл шаруа қожалықтарының арасындағы дауға және суармалы суды заңсыз пайдалану үшін түрлі кері әрекеттерге баруына тура келеді. Осы жағдайлардан шығу үшін біз облыс әкімдігімен және басқа да тиісті мекемелермен келісіп, трансшекаралық Қорғас өзенінде көлемі 10 млн текше метр, Өсек өзенінде көлемі 25 млн текше метр және Тышқан өзенінде көлемі 10 млн текше метр су болатын үш су қоймасын жасау жөнінде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Аталған үш су қоймасының жалпы ауданы 49 708 гектарды құрайды. Бұл аудандағы барлық 2 998 шаруа қожалықтардың жер учаскелерін суаруға мүмкіндік береді. Осы су қоймаларын жасау үшін бастапқы қажетті «техникалық-экономикалық негіздеме» және «жобалау-сметалық құжаттама» құжаттарын дайындауға Республикалық бюджеттен қаражат қажет. Осы мәселені шешу мақсатында, Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасына Қорғас, Тышқан, Өсек өзендеріне су қоймаларын салуға техника-экономикалық негіздеме әзірлеуді бастауға 3 млн теңге бөлінді. Мемлекет басшысы осы жолғы жолдауында Су ресурстары және ирригация министрлігін құруға бастамашы болды. Бұл дер кезінде қабылданған шешім және уақытылы құрылған министрлік. Арнайы министрлік болмауы кейбір түйткілдердің шешілуіне кедергі болып келген. Жоғарыда айтып өткендей біз Қытай мемлекетімен шектесетін себепті кей өзендердің суын бөлісіп қолданамыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жанжақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер» деп айырықша атап көрсетті. Бұл мәселе өңірлік емес, мемлекет деңгейінде қаралатындықтан, көршілес мемлекетпен су жүйесін бөлісуде жолдаудағы атап өткендей әуелі, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын арттыру маңызды. Бізде су көзі болса да әлі ысырапшылдықтан арыла алмай келеміз. Сондықтан жолдауда айтылған осы ғылыми технологияны су жүйесімен ұштастырса, үнемшілдік пен су қорын сақтауда айрықша рөл атқармақ.

– Панфилов ауданын транзиттік мүмкіндік дәлізі деуге болады. Көлік-логистика әлеуетін қаншалықты арттыра алып отырсыздар?

– Еліміздегі ең ірі автомагистрал «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» біздің ауданнан басталады. Сондай-ақ, «Құрғақ порт» көлік-логистика аймағы және Жетіген-Қорғас темір жолы сынды ірі транзиттік орталықтар біздің ауданда орналасқан. Мысалы, біздегі «Nur joly» шекаралық бекеті күніне 2 500 жүк көлігін өткізе алады. Қазір осы жерден «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралы арқылы жүк көліктері мен жүк тасымалы өтуде. Пандемия кезінде де осы бағытта жүк тасымалы мен логистикалық қызмет тоқтамады. Керісінше, елдің әлеуетін арттыруға пайдасын тигізді. Сонымен қатар, «Құрғақ порт» көлік-логистика орталығы Қытайдан көліктерді Орта Азия, Еуропа елдеріне тасымалдау жүргізуде. Былтырғы жылы осы орталық 25 172 автокөлік тасымалдаса, биыл жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 40 000 бірлікке дейін артпақ. Осыдан-ақ өңірде транзиттік әлеуеттің артып жатқанын байқауға болады.

– Дарынды, ұшқыр, креативті азаматтарды қолдау, олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасау – дамушы мемлекет ұстанымы. Аймақта бұл мәселеге қаншалықты көңіл бөлінген?

– Жоғарыда айтып өткенімдей, біздің аудан аграрлық аудан болғандықтан креативті азаматтар ауылшаруашылығы маңынан аспай қалады. Біздегі ең қажырлы, тиімді еңбек ететін, ойы ұшқыр азаматтар ауылшаруашылық саласына технологияны енгізумен ғана шектеліп тұр. Оның өзінде суды үнемдеу, тамшылатып суару, жер құнарлылығын арттыру сынды аграрлық ғылыми жұмыстар айналасында ғана. Ал, нақты өз идеясы бар жоспары мен ісі салмақты мынаны істейін, қолдау керек деген азаматтар болса, біз әркез қолдауға дайынбыз. Мен әр кездесуде, жиында осы мәселені көтеріп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы және жекелей демеушілік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенімізді жеткізіп отырамын. Ойы ұшқыр, кеудесінде жалын бар, арман-мақсаты биік жастар мен кез келген азаматқа бүгінгі таңда мүмкіндік мол. Олардың биікке ұмтылғаны, жаңа идея, тың көзқарастарын жүзеге асырғаны маңызды.

– Президент өз жолдауында кәсіпкерліктің бүгінгі жағдайы мен болашағына көбірек тоқталды. Аудан кәсіпкерлерінің беталысы мен бүгінгі ахуалына қандай баға берер едіңіз?

– Мемлекет басшысының осы жолғы жолдауында «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын біріктіру бойынша көтерген бастамасы оң қолдау табады деген сенімдеміз. Біріншіден, кәсіпкерлерге бірыңғай ортақ бағдарлама болады, яғни, бұл шағын кәсіпкерлерге жеңіл, әрі ыңғайлы болатынына күмән жоқ. Бұл бастама кейбір жағдайларда ауылдағы кәсіпкерлерде туындайтын қандай бағдарламаны таңдау, қай бағдарлама ыңғайлы деген сұрақтарды шегереді. Екіншіден, бұл бағдарлама өндіріс нысандарының дамуына оң септігін тигізеді. Мәселен, Панфилов ауданында екі арнайы экономикалық аймақ құрылған – «Қорғас – Шығыс қақпасы» және «Қорғас» Шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы. Бұл аймақтарда сауда-саттық, туризм, өндіріс, көлік логистикасы бағытында кәсіпкерлік нысандарын дамыту жоспарланған. «Қорғас – Шығыс қақпасы» аумағына Құрғақ порт, логистикалық және индустриялық аймақтар кіреді, 4591,5 га, оның ішінде инженерлік инфрақұрылыммен 600 га астам қамтамасыз етілген (пайдалы аумақтың ауданы 398 га құрайды): Бүгінгі таңда АЭА-да жалпы сомасы 48000,0 млн теңгеге 11 жоба іске асырылды. Одан бөлек бізде «Қорғас» Шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы аумағы бар. Күніне 3000- 4000-дай тұрғын кіретін шекаралық сауда аймағының болашағы зор. Ол жер 608,56 гектарды құрайды, оның 217 гектары инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, ауданы 236 га резервтік аумақ тіршілікпен қамтамасыз етілмеген. Кәсіп ашып, еңбек етемін деген тұрғындар үшін біздің аудан өте қолайлы. Сауда керуенінің бойында орналасқан ауданымызға республиканың түкпір-түкпірінен туристер де, қарапайым тұрғындар да көптеп келіп жатыр. Бұл өз қызметін көрсетіп, еңбек етіп отырған біздің тұрғындар үшін үлкен көмек. Кәсіп ашып, еңбек етемін деген халық үшін тұтынушылар да бар және біз мемлекет бағдарламасымен жан-жақты қолдау көрсетудеміз.

– Қарызсыз қоғам, сапалы білім, кемел адам, әділетті мемлекет кез келген қазақстандықтың арманы. Осы тұрғыда, ауылды жерлер мен аудан орталығындағы көңіл-күй, сапалы өмір сүруге ұмтылу, адал қоғам қалыптастыруға ниет-әрекет деңгейі қалай? Қарапайым азаматтарда болашаққа деген сенім жоғары ма?

– Болашаққа сенім болу үшін сапалы медицина, жайлы мектеп, әділетті қоғам болу керек. Мемлекет тарапынан халық үшін жасалып жатқан жұмыстар шынайы және нақты көрінуі тиіс. Сонда ғана қарапайым азаматтардың сенімі нығаяды. Біз жергілікті атқарушы орган осы себепті мемлекет тарапынан жасалынып жатқан жұмыстарды жанжақты түсіндіріп, еңбек етеміз деген азаматтарға ашық диалог құрып, жұмыс жүргізсек, оларды әркез қолдап отырсақ, халықтың көңіл-күйі де, мемлекетке деген сенімі де артып, адал қоғам құруға жол саламыз. Мен аудан басшысы ретінде әркез мекеме, сала басшылары мен округ әкімдеріне ұдайы халықпен тығыз қатынас құрып, адал істің нәтижесін көрсете білгенде ғана жұрттың сенімі мен көңілінен шыға алатынымызды жеткізіп отырамын.

– Шынайы сұхбатыңызға рақмет. Жұмыстарыңыз сәтті болсын.

Ш.ҚҰРМАНБАЙ, «Заң газеті»

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.