Қазақстанда талапты орындамаған әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін

«Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заңға уәкілетті органның талаптарын орындамаған платформалардың қолжетімділігін шектеуге мүмкіндік беретін норма енгізу ұсынылды. Бұл бастама «Онлайн платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатты Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірледі.

Қазіргі заңда онлайн-платформаларды уәкілетті органның талаптарын орындауға міндеттейтін нақты процедура жоқ. Ал жаңа норма енгізілсе, уәкілетті органның талаптарын орындамаған онлайн-платформаға Қазақстан ішінде кіруді шектеуге мүмкіндік туады.

Заң жобасында 2023 жылғы 10 шілдедегі «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын делінген:

Онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері (өкілдіктері) уәкілетті органның талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган интернет-ресурстарға, онлайн-платформаларға және лездік хабар алмасу қызметтеріне қолжетімділікті шектеу қағидаларына сәйкес онлайн-платформаға қолжетімдікті шектейді.

Сәйкесінше, аталған заңның 8-бабы уәкілетті органның өкілеттіктерін кеңейтетін төмендегідей мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын делінген:

— онлайн-платформаларды мониторингтеу қағидаларын бекітеді;

— интернет-ресурстарға, онлайн-платформаларға және лездік хабарлар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу қағидаларын бекітеді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.