Мал ұрлығы үшін жаза қатаң

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында мал ұрлығына қатысты жаза қатаңдатылған. Заңдағы 188-1-бапта бөтеннің малын ұрлағандардың мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны көрсетілген.

Ал енді алдын ала сөз байласу арқылы мал ұрлаған қылмыстық топтың, ірі мөлшерде мал ұрлаушылардың жазасы бұдан да ауыр. Олардың да мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ұрлықты бірнеше рет, тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасағандар мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады. Соның ішінде мал ұрлығын жасаған қылмыстық топтың жазасы да осал емес. Жаңа өзгеріске сай бөтеннің малын ірі мөлшерде ұрлаған топтың мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

Дәл осы айып тағылып, істі болған қылмыскерлердің жәбірленушілермен келісімге келуіне түбегейлі тосқауыл қойылған.

Себебі, «Мал ашуы – жан ашуы» дейтін халықтың жоғалғаны табылса «Қайтқан малда береке бар» деп дау қумай мәселені жылы жауып қоя салатыны жасырын емес. Жалпы мал ұрлағандарды табу, ұстау қандай қиын болса, қылмысты дәлелдеу мен жоғалған тұяқты орнына қою одан да күрделі. Біреудің қорасындағы малды болмашы ақшаға сата салатын қылмыскерлер өз қателігін мойындап, кешірім сұрағанымен, көбінесе ұрлағанын орнына қойып бере алмай, қиналады.

Бұл жерде жәбірленуші кешірім берсе де, заң көтермейді. Демек, қылмыс жасаған адам жазасын тиісті түрде өтемей, жазадан босатылмайды.

Мал ұрлығын басқа қылмыстармен салыстырмау керек. Себебі, мал шаруашылығымен күн көріп отырған ауыл халқының төрт түлігіне қол сұғу табыс көзінен айырумен тең.

А.Нысанбаева,

Жаңақорған аудандық сотының бас маманы

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...