12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН МҰҢЫМЫЗ БІР

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ. БҰЛ ЖОЛЫ ДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЯҚАСТЫНАН ТУЫНДАДЫ. ОҒАН СЕБЕП – КӨРШІЛЕС ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ САРДОБА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАРЫЛУЫ. РЕСМИ МӘЛІМЕТКЕ СЕНСЕК, СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАРЫЛУЫНА АУА РАЙЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ, ЖОЙҚЫН ДАУЫЛ ӘСЕР ЕТКЕН. АЛ БЕЙРЕСМИ ДЕРЕК МҰНЫҢ ЖАЙ СЫЛТАУ ЕКЕНІН, АПАТТЫҢ АРТЫНДА ШЫРМАУЫ ШЫҢЫРАУҒА КЕТКЕН ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАТҚАНЫН АЙТУДА. РАСЫНДА СУ ҚОЙМАСЫН САЛУҒА АЗ ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛМАҒАН. ЖЕТІ ЖЫЛ ІШІНДЕ БИПАЗДАП ЖАСАЛҒАН 25 МИЛЛИОН ДОЛЛАРЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ҮШ ЖЫЛ БОЛМАЙ СЫР БЕРУІ, ӘРИНЕ, ӨКІНІШТІ. ЖАЙ ҒАНА СЫР БЕРІП ҚОЙСА ЖАҚСЫ. ӨЗБЕКСТАН ХАЛҚЫН БЫЛАЙ ҚОЙҒАНДА, СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЗАРДАБЫНАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРНЕШЕ АУЫЛЫ ДА АУЫР ЗАРДАП ШЕГІП ОТЫР.
Бүгінде Сырдария облысының Сардоба, Ақалтын және Мырзаобод аудандарындағы 22 елдімекеннің 70 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланған. Өзбекстанның денсаулық сақтау уәзірлігінің дерегінше, тасқыннан кейін 17,3 мыңдай адамға медициналық көмек беріліп, 56 адам ауруханаға жатқызылған. Көңілге дем беретіні – адам шығыны жоқ. Көрші ел әбігерге түсіп жатқанда біздің әкім-қаралар да бейжайлық танытпай, сақтық
шараларын жасап, апаттың алдын алуға тырысқанда залалдың көлемі бүгінгідей болмас па еді. Бұл сөзді қазір мақтааралдықтардың кез келгенінің аузынан естуге болады. Шындығында төтенше жағдай шекаралас аудандардың көрші елдермен байланысының жоқтығын аңғартты. «Ауласы бірдің ауасы бір» дейді қазақ. Сол
айтпақшы, көршіге келген қатердің өзімізді де айналып өтпейтінін түсіну үшін асқан білімдар болудың қажеті жоқ. Бәлкім, көрші елдегі жанталасты елетпеген 1 Мамыр мейрамы шығар, кім білсін!
Бүгінде Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының бірнеше ауылы тасқын су құрсауында қалып отыр. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің есебіне сенсек, «Әзірге есептеліп үлгерген ауданы 7 639 гектар егістік жерді су басқан. Төтенше жағдай салдарынан 845 тұрғын үй, үш мектеп, 5 бала-бақша, 4 медицина нысандары мен бір мәдениет үйі, 10 дүкен су астында қалды. Жеңіс ауылындағы көлемі 60 шаршы метр болатын негізгі көпірді және республикалық-облыстық маңызы бар 54,7 шақырым жолды су шайды. Сонымен қатар, мал шығыны есептеліп жатыр». Жалпы 31 606 тұрғын 14 елді мекеннен эвакуацияланған. Мырзакент пен Ақжол ауылының тұрғындары өз үй-жайына оралғанымен, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердоуси, Өргебас және Достық елдімекеніне төнген қауіптің беті қайтпаған. Мұндай жағдайда мемлекеттік комиссия құрылатыны басы ашық жағдай. Комиссия тобы шығын көлемі мен тұрғындарды қолдау шараларын қолға алуда. Мақтааралдықтарға
көмек қолын созып, қаржысын аударып, қажетті заттарды жөнелтіп жатқан жұртта да есеп жоқ. Арыстағы алапат жарылыс кезінде де жергілікті халықпен бірге болған жұртшылық, қиындықты бірге көтеруге бұл жолы да бейіл. Бірақ, бейбіт күнде әбігерге салып, берекені кетірген көрші елден қандай қайран күтсек болады. Бәрінің сұрайтыны осы. Тіпті, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі арнайы нота жіберіп, келген шығынды Өзбекстаннан өндіріп алсын деп талап қойғандар қатары да қалың. Алайда, біздің елдің билігі «Айырылмас қоңсыға ауыр сөз айтпа» деген қазақтың ежелгі тәмсілін басшылыққа алған сыңайлы. «Су басу салдарын
бірлесіп жою бойынша үкімет пен шекаралас өңірлер басшыларының тығыз өзара іс-қимылын назарға ала
отырып, өзбек тарапына ҚР Сыртқы істер министрлігінің нотасын жолдау мәселесі қарастырылмайды», – дегенді алға тартуда.
Оның үстіне, Өзбекстан да қатесін түсінбей отырған жоқ. Күні кеше Қазақстан халқынан қолайсыздық үшін
кешірім сұраған көрші ел президенті Шавкат Мирзиёев «Біз бауырлас қазақ халқымен бір өзеннен су ішкен
едік, біз туыс сияқты жақынбыз. Біз әрқашан бір-бірімізді жарқын сәттер мен сынақ кезеңдерінде де қолдаймыз. Бұл күтпеген техногендік апаттың біздің халыққа ғана емес, көрші бауырлас елдегі елді мекендерге де зиян келтіргеніне өкінеміз»,– деп жүрекке тиетіндей жылы сөзін арнады. Табиғи апаттың салдарын жоюға қажетті көмек беруге дайын екенін білдірді. «Иілген басты қылыш кессін ба?» Онсыз да мәмілегер халық осы сөзден кейін өз-ағасына өкпе арта қоймас. Тек кеңдіктің кесірін тартпасақ болғаны.
Нұрлан ШЫНТАЕВ

[ratings]

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.