12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мақсатымыз айқын, межеміз белгілі

Мемлекетті мемлекет ететін заң десек, сол заңның мүлтіксіз орындалуын қадағалап, әділдік принциптерін жүзеге асырушылардың алдында қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын орган − сот жүйесі. Баршамызға белгілі сот мемлекетпен бірге пайда болды.
Өткенге көз жүгіртсек, 1991 жылы мемлекеттің Тәуел­сіздігін жариялағаннан кейін басталған саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құру процесі негізінде елімізде ұлттық құқықтық жүйе қалыптасып, сот жүйесінің реформасы жүргізілді. Егеменді елдің сот саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, мемлекеттік биліктің дербес тармағы – соттың іргетасы қаланды. Сол уақыттан басталған реформа кезең-кезеңімен заң-ере­желер, бағдарламалар, халықаралық тәжірибе және сарапшылардың талқылауымен жетілдіріліп келеді.
Сот жүйесінің одан әрі дамуы 2000 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Рес­публикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңның қабылдануына орай жаңа қарқын алды. Конституциялық заң сот-құқықтық реформасының кезекті кезеңіне жол ашты. Заңда республикадағы сот құрылымының принципті жаңа нормалары, соттардың қызметін ұйымдастыру тәртіптері белгіленді. Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың шаруашылық және азаматтық істер жөніндегі алқалары біріктіріліп, әскери алқасы таратылды, мұның өзі іс жүргізу заңнамасында қарастырылғандай, сот ісін жүргізуді белгілі бір ізге түсіруге мүмкіндік берді.
Судьялардың тек сот төрелігін жүзеге асыруын, сотқа тән емес қызметтермен соттардың айналыспауын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы Жоғарғы Сот жанында Сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылып, соттардың қызметін және атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету функциялары Әділет министрлігінен алынып, осы комитетке берілді. Комитет пен облыстардағы соттар әкімшілері ұйымдық, қаржылық және материалдық-техникалық функцияларды орындай отырып, жергілікті соттардың жергілікті атқарушы билік органдарының тәуелсіздігін қамтамасыз етті.
Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесі қызметкерлеріне ашық үндеу жариялап, барша қазақстандықтардың, бизнес өкілдері мен инвесторлардың және әлемдік қауымдастықтың сотқа деген сенімін жоғарылату міндетін алға қойды. Осындай мақсаты айқын міндеттердің нәтижесінде қазір сот саласы уақыт талабына сай жаңа деңгейге көтерілді. Қара қылды қақ жарған кешегі билердің бүгінгі ізбасарлары дауды оңтайлы шешуге атсалысып, араздасқан ағайынды татуластыруға, ел бірлігін нығайту бағытында да өзіндік үлес қосып келеді.
Сот залына кірген судья бір сәтке ағайын-туыс, жора-жолдас атаулыны ұмытып, тек заңға ғана бағынып, ар-ұятына жүгінуі керек. Данышпан Абай: «Ұят деген − адамның өз бойындағы адамшылығы», – деген екен. Ендеше сот үшін бұлжымайтын ереже ар-ұяттан, адамшылықтан аттамау – біздің басты ұстанымымыздың бірі.

Асылхан МИЗАНБАЕВ,
Жалағаш аудандық сотының төрағасы

Қызылорда облысы

Сот хатшысы болу абыройлы міндет!

Сот саласында сот хатшысының өз орны бар. Бірде-бір процесс...

Үлкенге де, кішіге де қамқор аға

Қазақстан соттарының төл мерекесі тек сот қызметкерлері үшін ғана...

ДАМУ ЦИФРЛАНУҒА ТІКЕЛЕЙ ТӘУЕЛДІ

Сот жүйесінің кешегісіне көз жүгіртіп, бүгінгісіне талдау жасайтын болсақ...

Жүйе Конституциялықнегіздерді нығайтты

Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас. Ал Конституция мен...

Ардагер-судьяларға алғысымыз шексіз

Кәсіби мерекені белгілеудің өзіндік мәні бар. Бұл әр мамандықтың...