Мәжілістің тағы бір депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен бейнебайланыс режимінде ведомствоның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, осы күндері Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК мүшелері Сәбила Мұстафина және Шавхат Өтемісов Ақмола облысында сапармен жүр. Ведомство отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды.

«Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты В.И. Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп қаулы етті.

Депутат В.И.Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді», — делінген ҚР ОСК сайтында.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....