12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

МҮГЕДЕКТЕР ДЕ ДЕПУТАТ БОЛУҒА ЛАЙЫҚ

2020 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДАҒЫ ДЕРЕК БОЙЫНША, ЕЛІМІЗДЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР 695 530 АДАМ ТІРКЕЛГЕН. БҰЛ ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ САНЫНА ШАҚҚАНДА, ХАЛЫҚТЫҢ 3,7 ПАЙЫЗЫН ҚҰРАЙДЫ ЕКЕН. ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АДАМДАР ҮШІН БІРДЕЙ МҮМКІНДІК ЖАСАУҒА МІНДЕТТІМІЗ ДЕГЕНДІ ӘРКЕЗ АЙТЫП ОТЫРАДЫ. ОСЫ ТҰРҒЫДА, ОЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДАН ҚОРҒАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛІП ЖҮР. ҚОҒАМДЫҚ ОРТАДА ДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ЖҮРІП-ТҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАЗІР НАЗАРҒА АЛЫНА БАСТАДЫ. АЛМАТЫДА АЙТУЛЫ ЖАНДАРҒА ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛА БАСТАДЫ?

– Өз басым мүмкіндігі шектеулі деген тіркесті ұнатпаймын, оның орнына ерекше қажеттілігі бар деп айтқан жөн болар еді. Өз жұмысымызда 2005 жылғы 13 сәуірде қабылданған №39 ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» заңын басшылыққа аламыз. Алматы қаласы бойынша 38 мыңнан астам адам мүгедек санатына жатады. Олардың қалада еркін жүріп-тұруы үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұрынғыға қарағанда жағдай жақсарды, алайда кемшіліктер де аз емес, – дейді Алматы қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Әли Аманбаев бізбен әңгімесінде.

Бұл саланың қыр-сыры 30 жылдан бері осы қоғамға жетекшілік етіп келе жатқан Әли Әбілдәұлына етене таныс.
– Қалалық қоғамдық көліктердің 80% мүгедек арбасының кіріп-шығуына бейімделген, алдағы жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жетпек. Алайда ерекше қажеттілігі бар жандар үшін автобуспен жүріп-тұру оңай емес. Көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, арбамен жүретін азаматтарға қиын. Көлікке міне алмайсың. Өйткені көп
жағдайда автобустар аялдамадан алыс тоқтайды, жақын келгендердің өзі арбаның автобус салонына кіруіне арналған құрылғыны шығармайды. Мұның бәрі жүргізушілердің санасына байланысты деп айтар едім.

Сондай-ақ, көшелерден біреудің көмегінсіз арбамен өту де ауырлық туғызады. Жаяу жүргіншілер жолындағы ылдилар құлап кету қаупін туғызады. Ал, қазіргі талапқа сай жабдықталмаған әлеуметтік нысандардағы пандустар да мүгедектер үшін қолайсыз саналады. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес, пандустардың ылдиы 5-8% болуы тиіс. Қаладағы жаңадан салынған нысандарда мүгедектердің жағдайы ескерілгенімен, бұл норма сақтала бермейді, сондықтан қолжетімсіз. Ескі ғимараттарды қайта жарақтау әлі де жалғасады. Бұдан бөлек арбамен көтеріліп түсуге арналған көтергіштердің жай-күйі мәз болмай тұр. Жол бойында орнатылған көтергіштер істен шығып жатыр. Мысалы, «Алатау» ықшамауданындағы салық комитеті жанындағы құлаған көтергіш сөзіме дәлел. Оны үкімет қыруар қаржы бөліп жөндетеді. Бірақ, оның жұмыс істеуін қадағалайтын арнайы құрылым болмағандықтан, мұның бәрі бекер. Менің ойымша, көтергіштерді де лифттер сияқты белгілі бір мекемеге бекітіп қою керек.
Қоғам төрағасының пайымдауынша, жаңадан салынып жатқан ғимараттарда зағип жандарға арналған тактильді жолдар мен арнайы ұстағыштар, дыбыстық сигнал қондырғылары қарастырылмаған. Осы орайда Алматы халықаралық әуежайында мүгедектер үшін жан-жақты жағдай жасалғандығын атап өткім келеді. Мұнда арбамен көтерілетін ыңғайлы пандустардан бөлек, зағип жандар үшін жол сілтейтін дауысты сызбалар бар. Ерекше қажеттілігі бар жандар үшін тоғыз дәретхана жұмыс істеп тұр. Ал, сөйлей алмайтын жандар тіркеу бөлімінде сурдоаударма қызметін пайдалана алады.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың көмекшісі қызметін көбінесе әлеуметтік қызметкерлер атқарады. Олардың алатын жалақысы 50 мыңның үстінде. Ақшасы аз болғандықтан, ол қызметтің сапасы да болмайды. Осыдан он жыл бұрын Финляндия елінде болғанымда, мүгедектер көмекшісінің 1800 евро жалақы алатынын естіп таңғалдым. Бірақ, олар біздің қызметкерлер сияқты қасында еріп жүру немесе дәрі-дәрмегін әкеліп берумен айналыспайды. Олардың қызметіне қармағындағы адамдарды таңнан кешке дейін баратын жеріне апарып əкелу, асын дайындап тамақтандыру, үй шаруасына көмектесу, азық-түлік, дәрі-дәрмектерін әкеліп беру, суға шомылдыру, ұйқыға жатқызу, т.б. кіреді екен, – деді шетелдік сапарлардан түйген ой-пікірлерімен бөліскен Ә.Аманбаев.
Қоғам төрағасын алаңдататын тағы бір мәселе бар. Әли Әбілдәұлы жаңа нысандарды қабылдау комиссиясының құрамына мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілуі тиіс деп есептейді. Сондай-ақ, еліміздің заң шығарушы органдарына да мүгедектердің сайланғаны дұрыс деген ойын білдірді. «Өйткені, «Ауру қадірін сау білмейді» дегендей, мүгедектің басындағы өзекті мәселелерді олардың өзінен артық ешкім білмейді. Көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде бірен-саран болса да, мүгедектердің жанайқайын жоғарыға жеткізетін депутаттар бар. Ал, бізде жергілікті мәслихаттарға сайланғанмен, Парламенттің қос палатасында да бірде-бір депутат жоқ. Мүгедектердің арасында да халық қалаулысы болуға лайықты тұлғалардың бар екенін баса айтқым келеді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру үшін ең бірінші қоғамдық көзқарасты өзгерту қажет. Ол әр адамның тәлім-тәрбиесі мен адами ұстанымынан басталады.
А. ЖОЛСАРЫҚЫЗЫ

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...