Мұғалімдерге арналған өзгеріс: Енді тестті кім тапсырып, кім тапсырмайды? 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің пәндік біліктілігіне арналған тестке қатысты қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселені түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, педагогтердің пәндік біліктілік тестін тапсыруы уақытша емес, толықтай тоқтатылған. Енді педагогикалық қоғамдастықтағы тәжірибелі ұстаздар бұл тестті тапсыруға міндетті емес.

Пәндік біліктілік тесті енді тек педагог мамандығына алғаш қадам басып отырған университет түлектері үшін өткізіледі. Бұл – жаңа ұстаздардың білім деңгейін бағалау мақсатында енгізілген талап, — деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ жаңа педагогтер екі жылдан кейін педагог-модератор біліктілік деңгейіне аттестациядан өткен кезде де педагог біліктілік тестін тапсырады.

Ал қалған ұстаздар үшін бұл тест қарастырылмайды. Министрдің мәлімдеуінше, пәндік біліктілік тесті аттестация нәтижесіне ешқандай әсер етпейді.

Жұлдыз Сүлейменова бұған дейін тест тапсырған 51 мың педагогтың шекті балл жинап, портфолиосын толықтырып, аттестацияның барлық кезеңінен өткенін атап өтті. Оның айтуынша, олар қыркүйек айынан бастап тест нәтижесіне сәйкес қосымша үстемеақыларын ала бастайды.

Сонымен қатар министр педагогтердің портфолиосы енді электрондық форматта жүргізілетінін мәлімдеді. Енді ұстаздар қағаз түріндегі құжаттарды жинап, түрлі қол жинауға міндетті болмайды.

Министрліктің мәліметінше, барлық құжаттар мен материалдар арнайы электрондық платформада сақталып, сол жүйе арқылы қаралады. Бұл жөніндегі қосымша ақпарат пен нақты нұсқаулықтар кейінірек хабарланады.

Бұдан бөлек, бұған дейін талқыланған авторлық бағдарламаларды жазу және ұсыну талабы да алынып тасталады. Министрдің сөзінше, бұл бағыттағы жұмыстар тоқтатылады.

Домбыраны ұшаққа алып кіру ережесі қаралып жатыр  

Музыкалық аспаптарды қол жүгінде немесе багажда тасымалдау ережесі олардың көлеміне байланысты белгіленеді.

642 млн теңге берешек: Еңбек инспекциясы жұмысшылардың құқығын қалай қорғайды? 

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 140 кәсіпорында 1,1 мыңнан астам жұмыскер алдында 642 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады.

Алтын екі айда 15 пайыздан астам арзандады 

Ең үлкен құлдырау – шамамен 11 пайыз наурыз айында тіркелген.

Елімізде 1 мамырдан бастап не өзгереді? 

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді.

Право в режиме ожидания

В СЕНАТЕ ПРЕДЛАГАЮТ УСИЛИТЬ МЕРЫ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ЖИЛЬЕМ ДЕТЕЙ-СИРОТ,...