Алтын екі айда 15 пайыздан астам арзандады 

АҚШ, Израиль және Иран арасындағы әскери қақтығыс басталғаннан кейін алтын бағасы шамамен 15 пайызға төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Market Watch-қа сілтеме жасап.

Ең үлкен құлдырау – шамамен 11 пайыз наурыз айында тіркелген. Dow Jones Market Data дерегіне сүйенсек, бұл – 2025 жылдың маусымынан бергі алтын бағасының алғашқы айлық төмендеуі әрі соңғы 13 жылдағы ең ірі құлдырау. Соған қарамастан, сарапшылар бұл бағалы металлдың бағасы жақын арада қайта өсе бастайды деп сенеді.

Julius Baer сарапшысы Карстен Менкенің пікірінше, соңғы күндердегі төмендеу АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің тағы бір рет нәтиже бермеуімен байланысты. Ал Money Metals Exchange басшысы Стефан Глисон бұл құлдырауды нарықтағы өтімділікке деген сұраныстың артуымен түсіндіреді. Бұған қоса, инфляцияға қатысты алаңдаушылық пен АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені төмендету цикліне үзіліс жасауы мүмкін деген болжам да әсер еткен.

Gold Newsletter бас редакторы Брайен Ландиннің айтуынша, АҚШ пен Иран арасында бітім орнаған сәттен бастап алтын бағасының өсуі қайта жалғасады. Ал Altavest компаниясының өкілі Майкл Армбрустер мұнай бағасы жоғары болып, АҚШ экономикасында қиындықтар туындаған жағдайда да алтын қымбаттауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Қазақстанда декреттегі әйелдің зейнетақы жарнасына аударылатын қосымша төлем тоқтайды. Бұл не білдіреді?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алатын әйелдер үшін қосымша зейнетақы жарнасын аударуды тоқтатады. Алайда бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем сақталады.

Енді жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн тапсыруға болады

Астанада жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерге теориялық емтиханды онлайн тапсыру мүмкіндігі пайда болды. Енді тестілеуден өту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

2027 жылы Қазақстандағы жастар қандай бағдарламамен үй ала алады?

Қазақстанда жастарға баспана алуына мүмкіндік беретін бірнеше ипотека бағдарламаcы бар. Олардың жылдық мөлшерлемесі 5%-дан басталады.

Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды 

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?

Алматыда әрбір үшінші жолаушы автобуста жолақысын төлемейді 

Алматыда автобустардың лық толуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың бір бөлігі жолақысын төлемейтіндіктен, олардың нақты саны есепке алынбай қалуы мүмкін екенін айтып жүр. Тіпті бұл жағдай қала билігінің автобусқа деген сұранысты бағалауына әсер етуі ықтимал.