642 млн теңге берешек: Еңбек инспекциясы жұмысшылардың құқығын қалай қорғайды? 

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 140 кәсіпорында 1,1 мыңнан астам жұмыскер алдында 642 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады.

Сонымен қатар жүргізілген тексерулер барысында түрлі ұйымдарда еңбек құқықтарының 2 мыңнан астам бұзушылығы тіркелді.

Жалақы бойынша берешек пен еңбек құқықтарының бұзушылықтары анықталған кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 1 110 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 136,5 млн теңгеден асатын айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы берешегін өтеудің нақты мерзімдері мен қатаң кестесін белгілеудің нәтижесінде 7 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 463,3 млн теңге төленді, — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауда ұстап отыр.

2026 жылғы 1 сәуірдегі деректерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 723 тексеру жүргізіп, оның барысында 2 065 құқықбұзушылық анықтады. Оның ішінде: еңбек қатынастары саласында – 1 735, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 305, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша – 25. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17,5 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды, — деп жазылған хабарламада.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.