Ұлттық экономика министрі Қазақстан экономикасының жай-күйі туралы айтып берді

Жыл басынан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,1 процент болды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Осы жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ті құрады. Нақты сектордағы өсім 3,3% болды. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ке өсті», — деді Қуантыров үкімет отырысында.

Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсім қарқынын көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 5,7%-ке дейін жеделдеді.

Қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 36,9%-ке өсіп, 74,3 миллиард долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 52,9%-ке өсіп, 48,9 миллиард долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 35,7%-ке ұлғайып, 14,3 миллиард доллар болды.

Тауарлар импорты 25,3 миллиард долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 23,6 миллиард долларға тең.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....