12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әлемнің 38 еліндегі 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ

БҰҰ мәліметі бойынша әлемнің 38 еліндегі 44 миллион адам аштық алдында тұр, ал 811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейді.

Бұл туралы БҰҰ штаб-пәтерінде өткен «Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі: іс-қимылға шақыру» министрлік конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталған конференция азық-түлік тапшылығына неғұрлым бейім елдердің кең тобын және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын мемлекеттерді біріктірді.

«БҰҰ мәліметі бойынша әлемнің 38 еліндегі 44 миллион адам аштық алдында тұр және 811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейді»,- делінген хабарламада.

Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Германия, Италия, Пәкістан, Румыния, Түркия Сыртқы істер министрлері және БҰҰ-ға мүше 30 елдің өкілдері, сондай-ақ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы халықаралық ұйымдар басшылары, сондай-ақ Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация қатысты.

М.Тілеуберді сөзінде Қазақстан әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ Ауғанстан аумағына халықаралық гуманитарлық көмекті жеткізудің сенімді жолдарын қамтамасыз етуге жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Қазақстаннан Ауғанстанға өткен жылдың қазан айында ауған халқы үшін 20 мың тонна ұн сатып алды.

«Осыған байланысты біз осы мәселеде барлық мүдделі және халықаралық құрылымдардың, соның ішінде Қазақстанда орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі ислам ұйымының қолдауына және қатысуына үміт артамыз», — деп мәлімдеді министр.

Сонымен қатар, ҚР делегациясының басшысы серіктес мемлекеттерді мұқтаж елдер үшін ауыл шаруашылығы секторындағы еңбек өнімділігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша халықаралық қаржылық қолдауды күшейтуге шақырды.

Сол күні ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен екіжақты кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тығыз ынтымақтастықтың серпіні мен перспективаларын талқылады.

Министр Жаңа Қазақстанды құру бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары және ҚР Конституциясына түзетулер енгізу бойынша алдағы референдум туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысына Мемлекет басшысы атынан биылғы жылдың 14-15 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне шақыру тапсырылды.

Зейнетақы төлемдері 5 пайызға артты

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдерін 5 пайызға көбейтті.

Ключ к порядку

ДЕПУТАТЫ МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА ПОДНЯЛИ РЯД ПРИНЦИПИАЛЬНЫХ ВОПРОСОВ, ЗАТРАГИВАЮЩИХ ОСНОВЫ ОБЩЕСТВЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ, ПРОФИЛАКТИКУ ПРЕСТУПНОСТИ И ЗАЩИТУ КОНСТИТУЦИОННЫХ ПРАВ ГРАЖДАН.

«Imam AI» жасанды интеллект негізінде істейтін мобильді қосымшасы іске қосылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін "Imam AI" мобильді қосымшасын әзірлеп іске қосады.

Science News: Соңғы үш жыл – тарихтағы ең ыстық кезең

Соңғы үш жыл – 2023, 2024 және 2025 жылдар – аспаптық бақылаулар басталғалы бері ең ыстық кезең ретінде тіркелді.

Қазақстандық дипломдар енді шетелде жарамды

Қазақстан дипломдарды халықаралық деңгейде тану аясын кеңейтеді.