Елімізде жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады 

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті. Қарастырылған шаралардың қатарында көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталықтарының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беру де бар, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Премьер-министр Олжас Бектенов «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасына қол қойды. Бағдарлама 2030 жылға дейін есептелген және электр қуаты тапшылығын жоюға, сондай-ақ жалпы қуаты 7,8 гигаватт болатын электр станцияларын іске қосу мен жаңғыртуға бағытталған.

Қосымша энергия Қазақстанға IT-секторды дамыту, деректерді өңдеу орталықтарын құру және жасанды интеллект технологияларын енгізу үшін қажет.

Бағдарлама аясында салаға мамандарды тарту және ұстап қалуға бағытталған бірқатар әлеуметтік шаралар да қарастырылған. Атап айтқанда, Отбасы банкімен бірлесіп көмір электр станцияларының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека енгізіледі. Сондай-ақ бейінді жоғары оқу орындарының базасында мамандарды жүйелі даярлау және біліктілігін арттыру көзделген. Жалпы алғанда 4,5 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Бағдарлама аясында барлығы 8 жаңа энергия көзі салынбақ. Олардың қатарында Екібастұзда қуаты 2,6 мың МВт болатын нысан, Курчатовта – 700 МВт, Жезқазғанда – 500 МВт станциялар, сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында заманауи жылу электр орталықтары бар. Бұдан бөлек, Ақсу ГРЭС-і, Екібастұз ГРЭС-2 және Қарағанды энергетикалық торабы секілді 11 қолданыстағы станцияны жаңғырту жоспарланған. Нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейі 12,6%-ға төмендеуі тиіс.

Ұлттық жоба бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылады. Жалпы көлемі кемінде 7,5 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Құрылыста тиімділігі стандарттан жоғары болуын қамтамасыз ететін заманауи технологиялар қолданылып, меншікті шығарындылар айтарлықтай қысқартылмақ.

Сонымен қатар жоба көмір өндіру және көлік салаларымен де үйлестірілген. Ол жартылай вагондар паркін кеңейтуді (тәулігіне қосымша 600 бірлік), теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды және ішкі қажеттіліктерге арналған отын тасымалына болжамды тарифтік дәліздерді енгізуді қамтиды.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.