Қазақстан мұнай тасымалында негізгі бағытты белгіледі 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласындағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Халықаралық энергетикалық конференция CERAWeek аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Мұнай нарығының жаһандық болжамы: негізгі факторлар мен геосаяси турбуленттік» сессиясына қатысты.

Талқылау барысында ведомство басшысы Қазақстанның мұнай саласының қазіргі жағдайын таныстырды. Елдің жаһандық нарықта сенімді энергия жеткізуші ретіндегі позициясын сақтау атап өтілді.

Министр саланың алдында тұрған негізгі мәселелерді атап көрсетті. Оларға энергетикалық қауіпсіздік, соның ішінде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері кіреді, ол арқылы Қазақстан мұнайының негізгі бөлігі экспортталады.

Бұл маршруттың үздіксіз жұмыс істеуі ұлттық экономика үшін өте маңызды екені ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар Қазақстан экспорт бағыттарын әртараптандыру саясатын жүйелі түрде жүзеге асыруда, оның ішінде Қытай Халық Республикасына бағытталған маршруттарды дамыту да қарастырылған. Алайда КҚК экономикалық тиімділігі жоғары және басым тасымалдау арнасы болып қала береді.

Сөз сөйлеу барысында мұнай-газ саласындағы инвестициялық климатты жақсарту мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. Министр жаңа инвестицияларды геологиялық барлау және көмірсутектерді өндіру саласына тартуға арналған салықтық жеңілдіктерді қарастыратын Жақсартылған үлгілік келісімнің жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Сондай-ақ мұнай-химия саласын дамытуға арналған стратегиялық жоспарлар да көрсетілді. Қазақстан мұнай өңдеу қуатын екі есеге арттыруды жоспарлап отыр, бұл тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, Орталық Азия өңірінде мұнай өнімдерін жеткізуші ретіндегі елдің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның CERAWeek конференциясына қатысуы елдің халықаралық энергетикалық қауымдастықпен белсенді диалог жүргізуге және жаһандық сын-қатерлер мен геосаяси турбуленттік жағдайында теңдестірілген саясатты ілгерілетуге ұмтылысын растайды.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.