12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ләзат САҒЫМБЕКОВА, Балқаш қалалық сотының төрағасы: «ЗАҢҒА АРҚА СҮЙЕП, ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУ МЕМЛЕКЕТТІ ӨРКЕНДЕТЕДІ»

– Ләзат Абзалбекқызы, мекеменің құрылу тарихына аз-кем тоқтала кетсеңіз?

–Тарихқа шегініс жасайтын болсақ, Балқаш өңірінде 1932 жылы бесжылдықтың үлкен құрылысы басталды. Содан кейін «Прибалхашстрой» халық соты құрылды. 1937 жылдың 12 сәуірінде Қазақ ССР Орталық Атқару комитетінің шешімімен Балқаш маңы құрылысы Балқаш қаласы болып қайта құрылды. Үлкен қалалық жерде сот ісін жүргізу туралы бірнеше халық соттарының учаскелерін құруға заңмен рұқсат етілді. Осылайша, 1939 жылы «Прибалхашстрой» халық соты Балқаш қаласының халық соттары ретінде 3 учаскеге бөлінді.

Сол уақытта, Балқаш қаласының 1-ші учаскесінің бірінші халық судьясы – Ғабулла Имамбаев, 2-ші учаскенің судьясы – Маткен Рахимжанов, ал 3-ші учаскенікі – Құсайын Өтегенов болды. Соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі қалпына келтіруде Балқаш қаласының халық соты учаскелерінің судьялары М.Ишмурадов, И.Восковцов, А.Ермошкина, В.Шматков, Л.Ткачева, Ш.Сұлтанбаев, А.Тойшыбеков, К.Сәрсенов, В.Алешин, Л.Ефремова, А.Каукенов, З.Кузнецовалар елеулі еңбек етті. Ал 1960 жылдан бері қарай Балқаш қалалық сотында төраға лауазымында қызмет атқарған Абдрахман Каукеновтан бастап, маған дейін 13 адам болды. Мен 2021 жылы 14-ші Балқаш қалалық сотының төрағасы болып жұмысты жалғастырдым. Негізі, бұл салаға 17 жасымда келген едім. Еңбектің қазанында қайнап, барлық сатыдан өттім. Бүгінде мамандар үлкен істердің басын құрап, еліміздің сот жүйесін ілгері дамытуда еңбек етуде.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстан құруда заң үстемдігіне жете мән беріп отыр. Конституциялық өзгерістер мен толықтырулар аясында заң жобасына байланысты сіздің пікіріңіз қандай?

– Ежелден қазақ қоғамы қашанда заңға арқа сүйеп, тәртіпке тәуелді болған. Көненің көзі қалыптасқан жарғылардан бастап, әділдік іздеген жанның сүйенішіне айналған. Сондықтан Жаңа Қазақстан құру жолында заң саласының дамуы, халыққа қолайлы жасалып, жүйеленуі тәуелсіз елдің әрі қарай өркендеуіне үлесін қосады. Оның ішінде, халықпен санасып, елдің талқысына салып, заң аясында жаңа редакция бекігеннен кейін бұл салада өрлеу басталатындығына сенім артамын. Заңға сүйеніп тәртіпке бағынған мемлекет өркендейді.

– Заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында 2016 жылдан бастап бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшті. Үш сатылы сот жүйесінің артықшылықтары мен пайдасы туралы да айта отырсаңыз?

– Үш сатылы сот жүйесіне көшу барысында барлық заңның тетіктері ескерілді. Бұл шешім бір сәтте ойлап тауып, шұғыл қабылданған жоқ. Талқыланды, ой таразысына тартылды. Бірінші саты – аудандық және оларға теңестірілген соттар, апелляциялық саты – облыстық сот, кассациялық саты – жоғарғы саты болып бекітілді. Атап айтқанда, сот сатыларының бес сатыдан үш сатыға азайюы апелляциялық сатының рөлін күшейтуге зор мүмкіндік береді. Үш сатылы сот жүйесіне көшуімізді құқықтық қоғамды дамытуға бағытталған басты қадамға және жетістікке балаймын.

– Сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігіне – қос тарапты бітімгершілікке шақыру жатады. Соттың осы бағыттағы жұмысы бойынша не айтар едіңіз?

– Өмір болған соң әр түрлі пікірдегі адамдар болады. Бірақ, дені істерді заңды түрде қаратып әділ шешімдерін алып жатады. Дауласып, ұрысып келгендердің ішінде сот процесі үстінде татуласып, бір мәмілеге келгендер де көп болды. Біз сотқа дейін екі тараптың дауын шешуде сараптама жұмысын атқарамыз. Бұл жерде медиацияның рөлі жоғары. Медиацияның тиімділігі жөнінде тағы бір ескеретін жайт, бұл жерде екі тарап ортақ келісімге келетіндіктен, шешімнің орындалу деңгейі жоғары болады. Соттағы іс жүргізу процесінен айырмашылығы, медиация еркін процесте жүргізіледі. Осы бағыттарда жұмыс жасап, біз істі сотқа жеткізбей мәселені шешуге тырысамыз.

– Ұзақ жылдан бері судьялық қызметтің ыстығына күйіп, суығына тоңып келесіз. Сөз басында өзіңіз жұмыс жасап жатқан салаға 17 жасымда келдім деп айтып қалдыңыз. Судья халықтың ары демекші, бүгінгі судьяға қойылар талап қандай?

–Бұл салада еңбек етіп жатқаныма биылғы жылы 40 жыл болады. Сот жүйесі заң үстемдігін толық қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан, қазіргі таңда жалпы судьяларға және үміткерлікке кадрларды іріктеу мен орналастыруға айрықша назар аударылып отыр. Әр судья қара қылды қақ жарып әділдікті ақ ту етуге тиісті. Сол себепті де республикада Жоғары сот кеңесі қайта құрылды. Сот судьясы лауазымына үміткерлерді іріктеу механизмі де күрделенді. Енді сотқа төрелік ету – кәсіби біліктілігі жоғары мамандар еншісінде. Қазір судья болу үшін екі үлкен мүмкіндік бар. Бірі – біліктілік емтихандарын тапсыру болса, екіншісі – мамандандырылған магистратураны бітіру. Бұл жүйе аясында тәжірибелік сынақ арқасында сот жүйесі біліктілігі мықты мамандармен қамтамасыз етіледі деп ойлаймыз.

– Өзіңіз басқаратын сот ұжымының қандай жетістіктері бар, кейінгі жылдарда қол жеткізген жетістіктерге қысқаша тоқталып өтсеңіз?

– Сот жүйесін цифрландыру қарқыны, соттарды материалдық-техникамен қамтамасыз ету деңгейі мен көлемі, соттың қолжетімділігі мен ашықтығы сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Сот органдарының сервистері мен қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі – «Сот кабинеті»; 32 мемлекеттік органдардың мәліметтер базаларымен интеграцияланған «Төрелік» жүйесі; сотқа келушілер үшін жасалған «Фронт офистар» және «Медиаторлар кабинетінің» жұмысы; «Татуласу: сотқа дейін, сотта» және «Түнгі сот» жобаларының жұмысы – оң өзгерістердің дәлелі. Нақты айтқанда, 2019 жылы Балқаш қалалық сотында «Фронт-кеңсе» ашылды. Фронт-кеңседе сотқа келушілерге ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалынған. Ол қажетті кеңсе жабдықтарымен жабдықталған, мұнда сотқа өтініштерді ресімдеу және беру тәртібі, сот өндірісіндегі істер мен материалдардың қозғалысы мен оларды қарау барысы, сот отырыстарын өткізу уақыты, кіріс хат-хабарлар мен өзіне өзі қызмет көрсету аймағы туралы мәліметтерді ұсыну бойынша қызмет көрсететін ақпараттық орталық орналасқан. Бұл жерде медиаторлар мен адвокаттарға арналған жеке кабинеттер бар. Өзіне өзі қызмет көрсету секторында азаматтар «Сот кабинеті» қызметін еркін пайдалана алады, WI-FI орнатылып, гаджеттер үшін қуаттандыру құрылғылары қойылған. Бұл жұмыстар жыл сайын дамып өз жемісін беріп келеді. Бүгінгі күнде Балқаш қалалық сотында 11 судья сот төрелігін жүзеге асыруда. Қалалық сот қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарауға мамандандырылған.

– Өз әріптестеріңізге енді бүгінгі ортақ мерекеге сай бір ауыз жылы лебізіңізді білдірсеңіз.

– Ия, биылғы жылы алғаш рет еліміздің судьялары мен сот қызметкерлері мерекесі тойланғалы отыр. Аталған салада еңбек ететін қызметкерлердің функционалдық міндеттері аса қатты жауапкершілікті талап етеді. Оны әріптестеріміз жақсы біледі. Судья – сот саласының тірегі, әділдік – халықтың тілегі. Кеңсе меңгерушісі – сот кеңсесінің жұмысы мен соттағы іс жүргізуді ұйымдастыратын маманға дейін табаны тозып еңбек етеді. Осындай сала мамандары үлкен істердің басын құрап, еліміздің сот жүйесін ілгері дамытуда тер төгуде. Барша әріптестерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін! – Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Нұрдос КӘРІМ

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 19 бала ұсталды: ІІМ үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды.

Токаев дал поручения по ликвидации последствий паводков и помощи пострадавшим

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад премьер-министра Олжаса Бектенова о работе по ликвидации последствий паводков и помощи гражданам, пострадавшим от стихийного бедствия, прежде всего, тем гражданам, которые по-прежнему находятся в эвакуационных пунктах.

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕДІ

Ел экономикасының қуатты болуы бірінші кезекте өндірісті өнеркәсіптердің сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласының дамуына тікелей байланысты болары сөзсіз. Бұл орайда елордалық облыс мәртебесіне ие – Ақмола облысында жағдай біршама тұрақталып, тіпті қарқыны еселеп артып келе жатқанын атап өткен жөн.