12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Конституциялық реформа: қандай өзгерістер енгізіледі?

Конституцияның елдің басты заңы ретіндегі маңызы орасан. Дамудың демократиялық жолын таңдаған мемлекеттердің саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және мәдени-гуманитарлық негізін Конституция айқындайды. Ал бүгінде елімізде Конституцияға енгізілетін бірнеше маңызды өзгерістер талқыланып жатыр. Жалпы Ата Заңның кей тұстарын алмастыру – ішкі-сыртқы жағдайды бағамдауға байланысты, дейді сарапшылар. Яғни тозығын тастап, озығына көшу әлемдік тәжірбиеде де бар дүние.  Бұл жөнінде Zanmedia.kz тілшісіне ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшылық кеңесінің мүшесі Абзал Бекбосынов пікір білдірді.

Конституцияға енгізілген жаңа түзетулер қоғамға тек оң әсер етеді, дейді заңгер Абзал Бекбосынов.

Фото жеке мұрағатынан алынды

«Конституциямыздың 33 бабына 56 түзету енгізіледі. Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы брифингте толық айтып өткен болатын. Жалпы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулердің өзектілігі мынада. Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді. Осылайша, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі нығаяды. Тағы бір өте маңызды жаңалық президенттің туыстары, жақын туыстары деген заңда түсінік бар және өзге де жоғары лауазымды тұлғалардың жақын туыстары үлкен саяси лауазымдарға иеленуге болмайды деген жаңа нормалар енгізілді. Парламент жұмысына қатысты да үлкен өзгеріс бар. Бұдан былай мәжілістің отыз процентін  халық тікелей сайлайды. Ал сайлаушыларға өздері таңдаған депутаттың жұмысы ұнамаса оның мандатын қайтаруға құқылы болады.  Президенттің сенаттағы квотасы 15-тен 10 ға азайды. Мәжіліс заңды дербес қабылдап президентке жолдай алады. Сондай-ақ Үкіметтің жұмысын жеделдету үшін ерекше актілерді қабылдауына мүмкіндік  беріледі.

Шындығында Конституцияға өзгеріс енгізу арқылы бізді алда үлкен саяси қоғамдық, реформалар күтіп тұр. Саяси жүйені жаңғыртып, демократиялық жолға бағытталған бірқатар жаңашылдық енгізілді. Қоғамда және саясатта азаматтардың құқықтық мүмкіндігі артты. Билік пен халықты жақындастыра түсетін жаңа құқық қорғау институттары енгізіледі. Конституциядағы осы түзетулерден кейін азаматтар құқықтық жағынан жақсы қорғалады. Конституцияға адам құқығы бойынша уәкіл туралы арнайы баб енгізіледі. Алдағы уақытта әрбір адам Конституциялық сотқа өзінің конституциялық құқықтарының бұзылғаны туралы арызбен, шағыммен жүгінуге құқылы. Бұл шынайы. Дәл осы мәселелермен Конституциялық сот айналысады. Бұл – конституциялық құрылысымыздың, заңның үстемдігінің дамуы», – дейді Абзал Бекбосынов.

№75 мекемесі Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өткізді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық...

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Жаңа цифрлық даму министрі туралы не белгілі?

Жаслан Мәдиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

Қазақстанда жеке куәлік өзгереді: құжаттарды жаңарту қажет пе?

Ішкі істер министрлігі жеке куәлік дизайнының өзгеруіне қатысты түсініктеме берді. Атап айтқанда, қазақстандықтар құжатты ауыстыруы керек пе деген сұраққа жауап берді.

Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болуы мүмкін.