Конституциялық Кеңес Тоқаевтың өтінішін қабылдады

Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтінішін іс-жүргізуге қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Конституцияның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарау туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады», — делінген Конституциялық Кеңестің сайтындағы хабарламада.

Ведомство Конституциялық Кеңестің отырысына материалдарды дайындау бойынша жұмысты бастағаны атап өтілді, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады.

Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады деп уәде берілді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТАЛАПТАР

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына кері әсер ететін...

Медиация – тараптарды татуластырудың қуатты құралы

Дауласқан екі тараптың дәйегін сабырлықпен тыңдап, екі жақтың да...

Неке бұзылған кездегі отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың жағдайы

          Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған...

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...