12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«ӨКМ Операторы» бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар кезеңінде көлік құралдарын утильдеудің жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сонымен қатар, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған еді.

Тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, қаңтардың аяғында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғанын растаған еді. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Екеуі де Нұрсұлтан қаласының УҰИ-на қамалды.

Есірткіге тәуекелділіктің соңы – қылмыс

Есірткі – қоғам дерті, ғасыр індеті. Ел ертеңіне алаңдаған...

«Справка о наличии либо отсутствии судимости в онлайн режиме»

Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной Прокуратуры...

СРОК ЗА ГЛУПУЮ ШУТКУ

«Всякое действие имеет противодействие». Так гласит третий закон Ньютона....

В УСЛОВИЯХ НОВОГО ЗАКОНА

18 ноября 2022 года вводится в действие Конституционный закон...

Прокурорлар тұтынушылардың құқықтарын қорғады

Атбасар ауданының прокуратурасы жылу энергиясын пайдалану қызметі үшін тұтынушылардан...