12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Есірткіге тәуекелділіктің соңы – қылмыс

Есірткі – қоғам дерті, ғасыр індеті. Ел ертеңіне алаңдаған кез келген мемлекетте есірткімен күреске айрықша назар аударылады.

Дүние жүзіндегі барлық мемлекет есірткінің таралуына шектеу қойып, кеселмен күрес бойынша ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресті мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде белгілеп, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы кешенді бағдарламаны іске асыруда.

Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема. Есірткі – адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын халге түсіреді.

Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда қазіргі кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүргендер баршылық.

Есірткі адам өміріне кері әсер етіп, отбасынан, қоғамнан алыстатады. Есірткіге тәуекелділіктің соңы қылмысқа алып барады. Әсіресе, жастар тыйым салынған затқа әуес. Жастардың есірткіге құмарлығы білместіктен, қызығушылықтан басталады. Осылайша таңсық дәмді көрсем деген жастық әуестіктің соңы бірте-бірте есірткілік тәуелділікке ұласады. Мұндай жағдайда жол бермес үшін әрбір ата-ана бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, отбасындағы тәрбие құндылығын арттыру арқылы ұрпағына зиянды әрекеттер туралы кеңінен ақпарат беріп, саламатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіріп отырғаны абзал.

Есірткіні таратуға қарсы күрес шаралары жүз жылдан аса уақыттан бері жүргізіліп келеді. 1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 26 маусымды — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні деп белгіледі. 

Қорыта айтқанда, адамға берілген құндылық – өмір болса, сол өмірді дұрыс сүру, тәрбиелі ұрпақ өсіріп, елге адал қызмет ету маңызды болып қала бермек.


Алатау ауданының прокуратурасы

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...