12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кеселмен күрес — елдікке үлес

Әлем халқын толғандыратын өзекті мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық қоғаммен бірге жасасып келе жатқан, жойылуы қиын, жан-жағына үлкен қатер төндіруші құбылыс.

Тарих парақтарын ақтарғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің дамылсыз жүргеніне, түрлі әдістердің қолданылғанына куә боласыз. Сонда көзіміздің жеткені – жемқорлықпен бүкіл халық болып бірлесе күрескенде ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысында арнайы заң қабылданып, ол уақыт талабына сай күрделі өзгерістерге ұшырап отырды. 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң тәуелсіз еліміздің дамуы, нығаюы жолында өз рөлін атқарды. Бүгінгі заманның көптеген талаптары ескеріле отырып 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданды. Заңның 1-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық деп – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуды айтады.
Сондай-ақ, заңның 24-бабына сәйкес, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы ақпаратқа ие адам бұл туралы жоғары тұрған басшыға және мемлекеттік органның өзі қызметкері болып табылатын ұйымның басшылығына және уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар береді. Ал, жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша Қазақстан заңдарына сәйкес шаралар қабылдауға міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Үкіметі белгілеген тәртіппен ынталандырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 680-бабында мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамауына қатыс­ты жауаптылық қарастырылған. Осы бапқа сәйкес, мемлекеттiк органдар, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе ҚР Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы, не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұл өте ауқымды тақырып болғандықтан ойға оралған мәселенің барлығын осы мақаланың аясында қамту мүмкін емес. Қорыта айтқанда – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес дамылсыз, тоқтаусыз жүргізілгенде ғана нәтижелі болмақ.

Е.Жеткерген,
Байғанин аудандық сотының төрағасы

Ақтөбе облысы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...