Келесі Президент билік ету мерзімін өзгерте алмайды — министр

Елдің келесі президенті де, Парламенттің жаңа құрамы да президенттік өкілеттік мерзімін және Мемлекет басшысын қайта сайлауға салынған тыйымды өзгерте алмайды. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Президенттің өкілеттік мерзімі 7 жыл және президент тек бір рет сайлануы мүмкін деген Конституцияның ережесі өзгермейді. Келесі президент те, кейінгі Парламент те бұл нормаларды өзгерте алмайды», — деп түсіндірді Мусин.

Ол Конституцияда, 94-бапта, 1-ескертпеде өзгермейтін нормалар жазылатынын түсіндірді. Онда елдің аумақтық тұтастығы, Қазақстанның егемендігі, басқару нысаны туралы ережелер жазылған. Енді мұнда президенттік өкілеттік мерзіміне қатысты түзетулер енгізіледі.

«Бұл норманы өзгерту мүмкін емес. Бұл норманың өзгермеуін Конституциялық сот қадағалайды. Бұл Конституциялық соттың құрамына байланысты болмайды», — деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, ол елорданың атауын кейін өзгертуге болатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Президент мандатын неге 7 жылға ұзарту ұсынылғаны хабарланған болатын.

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...

Президент жоғары бағалаған еңбек: ҚазҰУ ректорының халықаралық білім кеңістігіндегі тарихи бастамасы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық беделі жаңа белестерге...

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...