KASE доллар бойынша таңғы сауда қорытындысын жариялауды тоқтатады

Қазақстан қор биржасы сағат 11.00-дегі сауда қорытыныдысын жариялау тоқтатылатынын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық Банк шетел валюталарының ресми бағамын анықтау үшін KASE 15.30-дағы жағдай бойынша USDKZT_TOM орташа сараланған бағамын есептейді және жариялайды, оның негізінде басқа шетел валюталарына кросс-бағамдар есептеледі.

«USDKZT_TOM курстары 15.30 және 17.00-дегі жағдай бойынша, KASE сайтында стандартты режимде жарияланатынын хабарлаймыз. Бұрын ақпараттық мақсатта 11.00-де бағамды жариялау тоқтатылады», — деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, Ұлттық банк 5 сәуірге белгілеген доллардың ресми бағамы —  472,76 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы — 463,25 теңге, ал сатылымы — 467,76 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 463,94 теңгеден сатып алады, 468,06 теңгеден сатады.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...