Кәсіптік бағдар беру бойынша апта сайынғы жұмыстар өз жемісін беруде

Абай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының күндізгі бөлімінде оқуға үміткерлерді іріктеу мақсатында, апта сайын кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.

Кезекті жұмыс аптасында қызметкерлер Түрксіб ауылындағы орта мектепте болды. Мекеменің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы әділет подполковнигі Дидар Жұмаханова мектеп оқушыларына қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке қабылдау туралы айтып, еліміздің ішкі істер органдарында қызмет етудің бірқатар тиімді тұстарына тоқталды. Студенттерді сотталғандар жазасын қалай өтейтіні, жұмыс қамтылулары, бұл саладағы қызмет қаншалықты қиын, турасында сұрақтар қызықтырды. Студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға түсініктемелер арқылы жауап алды.

«Мен өз тәжірибемнен білемін, мұндай кәсіптік бағдар беру жұмысы көбінесе түлектер үшін ұзақ мансаптық жолдың бастауына айналады», — дейді Дидар Жұмаханова.

Сотталғандар арасында өткен жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

ҚАЖ жүйесіндегі өндіріс саласының дамуына тағы бір маңызды қадам

Президент Әкімшілігінің тапсырмасы аясында Алматы және Жетісу облыстары бойынша...