Кәсіпкерлікті дамыту

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің #79 мекемесі мен Атырау облысы “Атамекен” кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп сотталған азаматшаларға кәсіпкерлік дағдыларын дамыту мақсатында қысқа мерзімді курстар өткізді. Бұл бастама сотталған әйелдердің еңбек нарығына бейімделуіне, кәсіпкерлік негіздерін меңгеруіне және өз ісін ашуға мүмкіндік береді. Курстар барысында қатысушылар бизнес-жоспар құру, қаржылық басқару, маркетинг және сату стратегиялары сияқты маңызды тақырыптарды меңгерді. Кәсіпкерлер палатасы өкілдері, кәсіпкерлерді оқыту, кеңес беру және бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету сияқты қызметтерді ұсынды. Бұл ынтымақтастық сотталған азаматшалардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...